Өлшеу құралын қайта калибрлеу
Металл зат көрсетіліп, өлшем индикаторы (b) үнемі істен шығатын болса (өлшеу құралының жанында ешқандай металдан жасалған зат болмаса да), өлшеу құралын қолмен калибрлеуге болады.
Заряд деңгейінің индикаторы (d) кемінде 1/3 қуатты көрсететіндігіне көз жеткізіңіз.
- Өлшеу құралын өшіріңіз.
- Өлшеу құралының айналасынан көрсетілуі мүмкін барлық нысандарды (сондай-ақ қол сағатын немесе металл сақиналарды) алып тастаңыз.
Өлшеу құралын, оның артқы жағы жерге қарап тұратындай, көлденеңінен көтеріп ұстаңыз. - Калибрлеу режиміне өту үшін Қосу/өшіру түймесі (7) мен Дыбыстық сигнал түймесін (6) бір уақытта басыңыз. Екі түймені Жарық сақинасы (1) қызыл түспен жыпылықтағанша (шамамен 5–10 секунд) басып тұрыңыз.
- Жаңадан калибрлеуді бастау үшін, Дыбыстық сигнал түймесін (6) Жарық сақинасы (1) қызыл түспен жанғанша (шамамен 5–10 секунд) басып тұрыңыз.
- Егер калибрлеу сәтті аяқталса, өлшеу құралы бірнеше секундтан кейін автоматты түрде іске қосылып, жұмыс істеуге дайын болады.
Нұсқау: өлшеу құралы автоматты түрде іске қосылмаса, қосымша калибрлеу әрекетін қайталаңыз. Өлшеу құралы сонда да іске қосылмаса, оны өкілетті Bosch қызмет көрсету орталығына жіберіңіз.