Аралау

  • Бекіткіш тетікті (11) және қысқыш бұранданы (24) аралаудан бұрын әрдайым мықтап тартыңыз. Әйтпесе ара дискісі дайындамада қисаюы мүмкін.
  • Барлық кесіктерде алдымен ара дискісі тіреу планкасын, тіреуіш бұранда немесе басқа аспап бөліктерін тимеуіне көз жеткізіңіз. Мүмкін орнатылған көмек тіреуіштерін алыңыз немесе оларды лайықтаңыз.

Аралау дискісін соқтығысудан және соққыдан қорғаңыз. Аралау дискісін бүйірлік қысымнан сақтаңыз.

Тек тиісті пайдалану үшін рұқсат етілген заттектерді пайдаланыңыз.

Қисық дайындамаларды өңдемеңіз. Дайындама әрдайым бағыттауыш панеліне басу үшін тура қырлы болуы керек.

Ұзын және ауыр дайындамалар бос басында басылып тірелуі керек.

Маятниктік қорғаныш қаптаманың дұрыс жұмыс істеп, еркін жылжуын қамтамасыз етіңіз. Манипуляторды төмен қарай бағыттау кезінде, маятниктік қорғаныш қаптама ашылуы керек. Манипуляторды жоғары қарай бағыттау кезінде, маятниктік қорғаныш қаптама ара дискісінің үстінен қайта жабылып, манипулятордың ең жоғарғы күйінде бекітілуі керек.

  • Электр құралы алдына ара дискісімен бір сызыққа тұрмай, әрдайым ара дискісінен шетте тұрыңыз. Осылайша денеңіз ықтимал кері соққыдан қорғалады.
  • Алақан, бармақ және қолдарыңызды айналатын аралау дискісінен алыстатыңыз.
  • Манипулятор алдында қолдарыңызды айқастырмаңыз.

  • Дайындаманы өлшемдерге сәйкес қысыңыз.
  • Қажетті көлденең және/немесе тік еңіс бұрышын орнатыңыз.
    Көлденең еңіс бұрыштарында оңға қарай аралау кезінде ұзындық шектегішін (35) толықтай сыртқа қарай тарту немесе толықтай алып тастау керек.
  • Электр құралын қосыңыз.
  • Манипуляторды тұтқамен (4) төмен қарай баяу бағыттаңыз.
  • Дайындаманы бірқалыпты жүріспен аралаңыз.
  • Электр құралын өшіріп, ара дискісі (39) толық тоқтағанша күте тұрыңыз.
  • Манипуляторды баяу жоғары қарай бағыттаңыз.