Пайдалануға ендіру
- Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы мәліметтеріне сай болуы қажет.
- Қолтұтқаны жібермей қосқыш/өшіргішті басу мүмкіндігіне көз жеткізіңіз.
Электр құралды қосу үшін қосқыш/өшіргішті (2) басыңыз.
Қосқыш/өшіргішті бекіту үшін (2) оны қысып ұстап ысырманы (1) оңға немесе солға жылжытыңыз.
Электр құралын өшіру үшін қосқыш/өшіргішті (2) жіберіңіз. Қосқыш/өшіргіш (2) бұғатталған болса оны алдымен басып сосын жіберіңіз.
Жүріс санын алдын ала таңдауға арналған реттегіш дөңгелек (3) көмегімен алдын ала таңдауға немесе жұмыс кезінде өзгертуге болады.
Қажетті жүріс саны материал мен жұмыс шарттарына байланысты болып табылады және оны тәжірибе арқылы анықтауға болады.
Жүріс санын мына жағдайларда төмендетуге кеңес беріледі:
- ара төсемін дәлірек орналастыру үшін ара төсемін дайындамаға қойған кезде,
- материалдың балқуын болдырмау үшін пластик пен алюминийді аралау кезінде.
Аз жүрістер санында ұзақ уақыт электр құралды пайдалану оның қатты қызуын тудыруы мүмкін. Ара полотносын алып электр құралын салқындату үшін шам. 3 минут максималдық жүріс санында істетіңіз.