Бұрғылау патронын алмастыру

Тісті тоғыны бар бұрғылау патроны (1) бұрғылау шпинделінен кездейсоқ босап кетпеуі үшін бекіткіш бұрандамен (10) бекітілген.

Тісті тоғыны бар бұрғылау патронын (1) толықтай ашып, бекіткіш бұранданы (10) сағат тілінің бағытымен бұрап шығарыңыз. Бекіткіш бұранданың сол жақ оймасы бар болуын қадағалаңыз.

Егер бекіткіш бұранда (10) жылжымай тұрса, бұрауышты бұранда бастиегіне орнатып, бұрауыштың тұтқасындағы бекіткіш бұранданы қағып босатыңыз.

Тісті тоғыны бар бұрғылау патронын бөлшектеу үшін алты қырлы дөңбек кілтті (11) тісті тоғыны бар бұрғылау патронына (1) қысыңыз.

Электр құралын тұрақты бетке, мысалы, верстакқа қойыңыз. Электр құралын мықтап ұстап тұрыңыз да, тісті тоғыны бар бұрғылау патронын (1) алты қырлы дөңбек кілтпен (11) сағат тілінің бағытына қарсы бұрап босатыңыз.

Бұрап тартылған тісті тоғыны бар бұрғылау патроны алты қырлы дөңбек кілттің (11) ұзын білігіне азғантай қағу арқылы босатылады. Алты қырлы дөңбек кілтті тісті тоғыны бар бұрғылау патронынан шығарып, тісті тоғыны бар бұрғылау патронын толықтай бұрап шығарыңыз.

Тісті тоғыны бар бұрғылау патронын орнату кері реттілік бойынша орындалады.

Бұрғылау патронын шамамен 10–15 Нм тарту моментімен бұрап тарту қажет.

Бекіткіш бұранданы (10) ашылған тісті тоғыны бар бұрғылау патронына сағат тілінің бағытына қарсы бұрап кіргізіңіз. Әрдайым жаңа бекіткіш бұранданы пайдаланыңыз, себебі оның оймасына бірнеше рет пайдаланғаннан кейін жойылатын бекіткіш желім жағылған.