Пайдалану бойынша нұсқаулар

Қашау құралдарын өткірлеу

Өткір қашау құралдары ғана жақсы нәтижелерге қол жеткізеді, сондықтан қашау құралдарын дер кезінде өткірлеңіз. Бұл құралдардың ұзақ пайдалану мерзімі мен дұрыс жұмыс нәтижелерін қамтамасыз етеді.

Қосымша ажарлау

Қашау құралдарын ажарлағыш дискілерде, мысалы, ақ түсті электрокорундта бірқалыпты су ағынымен ажарлаңыз. Кескіштерде құбылмалардың пайда болмауына көз жеткізіңіз; бұл қашау құралдарының қаттылығына теріс әсер етеді.
Соғу үшін қашауды 850 - 1050°C шамасына дейін (ашық қызыл және сары аралығында) қыздырыңыз.
Шынықтыру үшін қашауды шамамен 900°C-қа қыздырып, май ішінде суытыңыз. Сонан соң оны пешке 320°C температурасында (құбылма ақшыл көк) бір сағаттай уақытқа салыңыз.