Құралды алмастыру

SDS max құрал бекіткішінің көмегімен алмалы-салмалы аспапты қосымша құралдарды пайдаланбай оңай және тез алмастыруға болады.

Шаңнан қорғайтын қаптама (1) құрал бекіткішін жұмыс кезінде шаңның кіруінен қорғайды. Құралды орнату кезінде шаңнан қорғайтын қаптаманың (1) зақымдалмағанына көз жеткізіңіз.

Алмалы-салмалы аспапты орнату (A суретін қараңыз)

  • Алмалы-салмалы аспаптың жалғанатын ұшын тазалап, аздап майлаңыз.
  • Құлыптау төлкесін (2) артқа жылжытып, алмалы-салмалы аспапты құрал бекіткішіне бұрап енгізіңіз. Құлыптау төлкесін (2) қайта жіберіп, алмалы-салмалы аспапты бұғаттаңыз.
  • Құралдың бекітілуін тартып тексеріңіз.

Алмалы-салмалы аспапты шығару (B суретін қараңыз)

  • Бекіткіш төлкені (2) артқа қарай жылжытып, алмалы-салмалы аспапты шығарыңыз.