Ара полотносын салу/алмастыру

Ұсынылатын дискілерге шолуды осы пайдалану нұсқаулығының соңында табуға болады. Тек қана бір тұтқалы (T-тұтқалы) немесе 1/4" әмбебап тұтқалы (U-тұтқалы) ара полотноларын салыңыз. Ара полотносы қажетті кесіктен ұзын болмауы керек.

Жіңішке кесіктер үшін жіңішке ара полотноларын пайдаланыңыз.

  • Орнатудан алдын ара полотносы тұтқасын тазалаңыз. Кірленген тұтқаны қатты бекіту мүмкін емес.

Ара төсемі бекіткішінің бұрандасын (8) жеткізілім жиынтығындағы алты қырлы дөңбек кілтпен (4) босатыңыз.

Ара төсемін (10), кесік бағытындағы тістерімен ара төсемінің бекіткішіне (13) ➊ тірелгенше жылжытыңыз.

Ара полотносын салуда ара полотносының арқасы бағыттауыш дөңгелектің (9) ойығында жатуына көз жеткізіңіз.

Бұранданы (8) алты қырлы дөңбекті кілтпен (4) мықтап тартыңыз ➋.

  • Ара полотносының бекем тұруына көз жеткізіңіз. Босаң ара полотносы жарақаттауы мүмкін.

Ара төсемі бекіткішінің ➊ бұрандасын (8) босатыңыз және ара төсемін (10) ➋ шығарып алыңыз.