Іске қосу
- Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы мәліметтеріне сай болуы қажет.
Электр құралының жұмыс режимін таңдау үшін айналуды тоқтату қосқышын (3) пайдалануға болады.
- Жұмыс режимін ауыстыру үшін айналуды тоқтату қосқышын (3) қажетті күйге бұраңыз.
Соққымен бұрғылау күйі
Егер алмалы-салмалы аспап бірден айналмаса, электр құралын, алмалы-салмалы аспап бірге айналғанша, баяу жұмыс істетіңіз.
Қашау күйін реттеуге арналған Vario-Lock күйі
Қашау күйі
Нұсқау: жұмыс режимін электр құралы өшірулі тұрғанда ғана өзгертіңіз! Жұмыс режимі электр құралының қосулы күйінде өзгертілген жағдайда, электр құралы автоматты өшіп қалады.
- Электр құралын қосу үшін қосу/өшіру ауыстырып-қосқышын (6) басыңыз.
Төмен температураларда электр құралы белгілі бір уақыт өткеннен кейін толық бұрғылау/соққы қуатына жетеді.
- Ажыратқышты (6) бұғаттау үшін оны басып тұрып, бекіту түймесін (5) қосымша басыңыз.
- Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (6) жіберіңіз.
Ажыратқыш (6) бұғатталған кезде, бекіткіш түймені (5) басып, содан кейін жіберіңіз.
Ажыратқышты (6) басу күшін өзгерте отырып, қосылған электр құралының айналу жиілігін/соққы санын біртіндеп реттеуге болады.
Ажыратқышты (6) сәл басу төмен айналу жиілігін/соққы санын қосады. Қысым күшейсе, айналу жиілігі/соққы саны ұлғаяды.
Айналу жиілігін пайдаланушы интерфейсі немесе смартфон қолданбасы арқылы да реттеуге болады.
Қашауды 12 күйде бұғаттауға болады. Осылайша оңтайлы жұмыс күйіне қол жеткізуге болады.
- Қашауды құрал бекіткішіне орнатыңыз.
- Айналуды тоқтату қосқышын (3) "Vario-Lock" күйіне бұраңыз.
- Алмалы-салмалы аспапты қажетті қашау күйіне бұраңыз.
- Айналуды тоқтату қосқышын (3) "Қашау" күйіне бұраңыз. Осылайша құрал бекіткіші бұғатталады.
Жылдам өшіру (KickBack Control) электр құралын жақсырақ бақылауға көмектеседі және осылайша KickBack Control құралынсыз электр құралдарымен салыстырғанда пайдаланушы қорғанысын да күшейтеді. Электр құралы бұрғы осі бойынша кездейсоқ және күтілмеген ретте айналса, электр құралы өшіп қалады, жылдам өшіру индикаторы (12) қызыл түспен жанады және күй индикаторы (15) қызыл түспен жыпылықтайды.
- Қайта іске қосу үшін ажыратқышты (6) жіберіп, қайта басыңыз.