Пайдалану бойынша нұсқаулар
- Электр құралына Bluetooth® Low Energy Module GCY 301‑42 модулі орнатылған болса, ол радио интерфейспен жабдықталған болады. Жергілікті пайдалану шектеулерін, мысалы, ұшақтарда немесе емханаларда ескеріңіз.
- Алмалы-салмалы аспап қысылса немесе ілінсе бұрғылау шпинделіне беріліс тоқтатылады. Осында пайда болатын күш себебінен электр құралын екі қолмен қатты ұстап бекем қалыпта тұрыңыз.
- Егер электр құралы тіреліп қалса, электр құралын өшіріп алмалы-салмалы аспапты босатыңыз. Бұғатталған бұрғылайтын аспапты қосу кезінде жоғары реактивті күш пайда болады.
Үзіліс туралы еске салу функциясы ((14) индикаторы) пайдаланушыға күнделікті жұмыс істеу кезінде дене шаршауының алдын алуға көмектеседі.
Функцияны смартфон қолданбасы арқылы конфигурациялауға және бастапқы күйге қайтаруға болады (стандартты реттеу: функция ажыратылған).
Нұсқау: орнатылған жұмыс істеу уақыты аяқталғанда және үзіліс туралы еске салу индикаторы (14) қызыл түспен жанып тұрғанда, (16) түймесі арқылы Үзіліс туралы еске салу функциясын бастапқы күйге қайтаруға болады.
Үзіліс туралы еске салу индикаторы (14) | Мағынасы/себебі |
---|---|
жасыл | Үзіліс туралы еске салу функциясы іске қосылған. Жұмыс істеу уақытын смартфон қолданбасы арқылы орнату опциялары:
|
қызыл
| Орнатылған жұмыс істеу уақыты аяқталды. Орнатылған жұмыс істеу уақыты аяқталған жағдайда, электр құралы өшірілгенше немесе қозғалтқыш тоқтағанша жұмыс істеп тұрады. Электр құралын 10 минуттық үзілістен кейін қайта қосуға болады. |
Күнделікті діріл туралы ескерту функциясы ((17) индикаторы) жұмыс кезінде заңды түрде белгіленген әсер етудің шекті мәнін (ELV) сақтауға көмектеседі. Бұл қолдың діріл синдромының алдын алады.
Функцияны смартфон қолданбасы арқылы іске қосуға және ажыратуға болады (стандартты реттеу: функция ажыратылған).
Нұсқау: күнделікті діріл туралы ескерту функциясы іске қосылған болса, (16) түймесін басу арқылы күнделікті жұмыс уақытына арналған таймерді қайта іске қосуға болады.
Діріл туралы ескерту индикаторы (17) | Мағынасы/себебі |
---|---|
жасыл | Күнделікті діріл туралы ескерту функциясы іске қосылған. |
қызыл
| Күнделікті жұмыс уақыты әсер етудің шекті мәніне (ELV) жетті. Электр құралы автоматты түрде өшіп қалады.
|
Қашау құралдарын ажарлағыш дискілерде, мысалы, ақ түсті электрокорундта бірқалыпты су ағынымен ажарлаңыз. Кескіштерде құбылмалардың пайда болмауына көз жеткізіңіз; бұл қашау құралдарының қаттылығына теріс әсер етеді.
Соғу үшін қашауды 850−1050 °C шамасына дейін (ашық қызыл және сары аралығында) қыздырыңыз.
Шынықтыру үшін қашауды шамамен 900 °C-қа қыздырып, май ішінде суытыңыз. Сонан соң оны пешке 320 °C температурасында (құбылма ақшыл көк) бір сағаттай уақытқа салыңыз.