Жұмыс құралын ауыстыру
Шаңнан қорғайтын қақпақ (1) жұмыс кезіндегі бұрғылау шаңының құрал ұстағышқа кіріп кетуіне жол бермейді. Құрылғыны орнату кезінде шаңнан қрғайтын қақпақтың (1) зақымдалмағанын тексеріңіз.
- Шаңнан қорғайтын қақпақ зақымдалса, оны дереу ауыстыру керек. Оны қызмет көрсету шеберханасында орындау ұсынылады.
Алмалы-салмалы аспапты енгізу (A суретін қараңыз)
SDS max құрал бекіткішінің көмегімен алмалы-салмалы аспапты қосымша құралдарды пайдаланбай оңай және тез алмастыруға болады.
- Алмалы-салмалы аспаптың жалғанатын ұшын тазалап, аздап майлаңыз.
- Құлыптау төлкесін (2) артқа жылжытып, алмалы-салмалы аспапты құрал бекіткішіне бұрап енгізіңіз. Алмалы-салмалы аспапты бұғаттау үшін құлыптау төлкесін (2) қайта жіберіңіз.
- Құралды тарту арқылы оның бекітілуін тексеріп шығыңыз.
Алмалы-салмалы аспапты шығару (B суретін қараңыз)
- Бекіткіш бұранданы (2) артынан жылжытып, алмалы-салмалы аспапты шығарыңыз.