Пайдалану нұсқаулары

Аралау дискілерін соқтығысудан және соққыдан қорғаңыз.

Жақсы кесік сапасына қол жеткізу үшін электр құралын біркелкі және жеңіл итеру қозғалысымен кесік бағытымен жүргізіңіз. Тым қатты итеру нәтижесінде алмалы-салмалы аспаптың қызмет ету мерзімі қысқарады және электр құралы зақымдалуы мүмкін.

Аралаудың өнімділігі және сапасы көбінесе аралау дискісінің күйі мен пішініне байланысты. Сондықтан тек өткір және өңделіп жатқан материалға жарайтын аралау дискілерін пайдаланыңыз.

Аралау дискісін дұрыс таңдау ағаштың түріне және сапасына, сосын бойлай немесе көлденеңінен аралауға байланысты.

Көлденеңінен аралау кезінде ұзын серіппелі жоңқа пайда болады.

Емен мен шамшат шаңы денсаулыққа өте зиянды, сондықтан тек шаңсорғышпен жұмыс істеңіз.

Параллельді тіреуіш (32) дайындама жиегі бойымен дәл аралауларды жүзеге асыруға және өлшемі бірдей жолақтарға кесуге мүмкіндік береді.

Тірек тақтасының сыртқы жиегінде қалаулы кесік енін параллель тірек / бағыттауыш шина адаптерінің бағыттауыштарындағы шкаланың көмегімен реттеңіз.

Үлкен дайындамаларды өңдеу және түзу жиектерді кесу үшін дайындамада қосымша тірек ретінде тақтаны немесе рейканы бекітуге боалды және дискілік тақтаны тірек тақтасымен бірге қосымша тіректің бойымен жүргізуге болады.

Бағыттауыш шина (34) көмегімен тік кесіктерді орындауға болады.

Нұсқау: бағыттауыш шинаны (34) тек тікбұрышты кесіктер үшін пайдаланыңыз. Қисық кесіктер жасағанда бағыттауыш шинаға (34) зақым келтіруіңіз мүмкін.

Тұтқыр бағыттауыш шина сырғануының алдын алып, дайындама бетін қорғайды. Бағыттауыш шина қаптамасы электр құралының оңай жылжуына мүмкіндік береді.

Бағыттауыш шинаны (34) арнайы қысу аспаптарымен, мысалы, қысқашпен дайындамаға бекітіңіз. Электр құралын орнатылған бағыттауыш шина адаптерімен бағыттауыш шинаға орнатыңыз.

Нұсқау: параллель тіректі / бағыттауыш шина адаптерін (32) Bosch логотипін төмен қаратып электр құралына орнатыңыз.

Бағыттауыш шина (34) араланатын дайындама шетінен шықпауы тиіс.

Электр құралын қосып және кесу бағытында азғантай қысыммен біркелкі жүргізіңіз.

Алдымен сору адаптерін (29) сорғыш шлангімен (30) бірге, ал сонан соң параллель тіректі / бағыттауыш шина адаптерін (32) орнатыңыз.

Нұсқау: параллель тіректі / бағыттауыш шина адаптерін (32) және сору адаптерін (29) бекіту үшін тек арнайы бұрандаларды ғана пайдаланыңыз!