Өлшеу құралының дәлдігін тексеру

Қоршау температурасы ең күшті әсер етеді. Еденден жоғарыға болған температура өзгерістері лазер сәулесін ауытқуы мүмкін.

Жерден көтерілген жылудан температуралық әсерлерді барынша азайту үшін, өлшеу құралын штативте пайдалануға кеңес беріледі. Оған қоса өлшеу құралын мүмкіндігінше жұмыс аймағының ортасына қойыңыз.

Сыртқы әсерлерден тыс аспаптық әсерлер де (мысалы қағылыс немесе қатты соққылар) ауытқуларға алып келуі мүмкін. Сол үшін әр жұмыстан алдын нивелирлеу дәлдігін тексеріңіз.

Алдымен көлденең лазерлік сызықтың биіктік пен нивелирлеу дәлдігін және тік лазерлік сызықтың нивелирлеу дәлігін тексеріп шығыңыз.

Егер өлшеу құралы тексеру кезінде максималды ауытқудан асырса, оны Bosch сервистік орталығында жөндетіңіз.

Тексеру үшін 5 м бос өлшеу қашықтығы қатты жерде A мен B екі қабырғаның арасында керек болады.

  • Өлшеу құралын А қабырғасының жанындағы штативке немесе берік әрі тегіс бетке орнатыңыз. Өлшеу құралын, лазер шығару саңылауы (1) бос болатындай, магниттік айналмалы ұстағышта (3) бұраңыз. Өлшеу құралын қосыңыз.
  • Лазерді жақын A қабырғасына бағыттап, өлшеу құралын нивелирлеңіз. Лазер сызықтары қабырғада айқыш-ұйқыш нүктесінің ортасын белгілеңіз (Ⅰ нүктесі).
  • Өлшеу құралын 180° бұрап, оны нивелирлеп лазер сызықтарының арғы B қабырғасындағы айқыш-ұйқыш нүктесін белгілеңіз (Ⅱ нүктесі).
  • Өлшеу құралын бұрамай B қабырғасының қасында қойып, қосыңыз да нивелирлеңіз.
  • Өлшеу құралының биіктігін (штативтер немесе бар болса тіреуіш көмегімен) лазер сызықтарының айқыш-ұйқыш нүктесі В қабырғасында алдымен белгіленген нүктеге Ⅱ сәйкес болатындай бағыттаңыз.
  • Өлшеу құралын 180° бұрап биіктігін өзгертпеңіз. Оны A қабырғасына тік лазер сызығы белгіленген Ⅰ нүктесінен өтетін етіп бағыттаңыз. Өлшеу құралын нивелирлеп, лазер сызықтарының айқыш-ұйқыш нүктесін A қабырғасында (Ⅲ нүктесі) белгілеңіз.
  • А қабырғасындағы Ⅰ мен Ⅲ екі белгіленген нүктенің d айырмашылығы өлшеу құралының дәл биіктіктен ауытқуын көрсетеді.

2 × 5 м = 10 м өлшеу қашықтығында максималды рұқсат етілген ауытқу:
GLL 12‑22: 10 м × ±0,8 мм/м = ±8 мм. Ⅰ мен Ⅲ нүктелерінің арасындағы d айырмашылығы ең көбі 8 мм құрауы керек.
GLL 12‑22 G: 10 м × ±0,6 мм/м = ±6 мм. Ⅰ мен Ⅲ нүктелерінің арасындағы d айырмашылығы ең көбі 6 мм құрауы керек.

Тексеру үшін шам. 5 × 5 м бос кеңістік керек.

  • Өлшеу құралын А мен В қабырғаларының арасындағы ортада штативке монтаждаңыз немесе берік әрі тегіс бетке орнатыңыз. Өлшеу құралын, лазер шығару саңылауы (1) бос болатындай, магниттік айналмалы ұстағышта (3) бұраңыз. Өлшеу құралын қосып, нивелирлеуді орындаңыз.
  • Өлшеу құралынан 2,5 м қашықтықта екі қабырғада лазерлік сызық ортасын белгілеңіз (А қабырғасында Ⅰ нүкте, В қабырғасында Ⅱ нүкте).
  • Өлшеу құралын 180°-қа бұрап 5 м арақашықтықта орнатыңыз және нивелирлеңіз.
  • Өлшеу құралының биіктігін (штатив немесе қажет болса, тіреуіш көмегімен) лазерлік сызық ортасы В қабырғасында алдын ала белгіленген Ⅱ нүктеге сәйкес болатындай туралаңыз.
  • A қабырғасында лазерлік сызық ортасын Ⅲ нүкте ретінде белгілеңіз (Ⅰ нүктенің үстінде немесе астында тігінен).
  • А қабырғасындағы екі белгіленген Ⅰ мен Ⅲ нүктенің d айырмашылығы өлшеу құралының көлденең сызықтан дәл ауытқуын көрсетеді.

2 × 5 м = 10 м өлшеу қашықтығында максималды рұқсат етілген ауытқу:
GLL 12‑22: 10 м × ±0,8 мм/м = ±8 мм. Ⅰ мен Ⅲ нүктелерінің арасындағы d айырмашылығы ең көбі 8 мм құрауы керек.
GLL 12‑22 G: 10 м × ±0,6 мм/м = ±6 мм. Ⅰ мен Ⅲ нүктелерінің арасындағы d айырмашылығы ең көбі 6 мм құрауы керек.

Тексеру үшін (қатты табанда) есіктің әр жағынан кемінде 2,5 м жай болатын есік тесігі керек.

  • Өлшеу құралын есік саңылауынан 2,5 м қашықтықта, берік әрі тегіс бетке орналастырыңыз (штативке емес). Өлшеу құралын, лазер шығару саңылауы (1) бос болатындай, магниттік айналмалы ұстағышта (3) бұраңыз. Өлшеу құралын қосып, нивелирлеуді орындаңыз.
  • Тік лазер сызығының орталығын есік тесігінің еденінде (Ⅰ нүктесі), 5 м қашықтықта есік тесігінің басқа жағында (Ⅱ нүктесі) және есік тесігінің жоғарғы шетінде (Ⅲ нүктесі) белгілеңіз.
  • Өлшеу құралын есік тесігінің басқа жағында, тікелей Ⅱ нүктенің артында қойыңыз. Өлшеу құралын нивелирлеп, тік лазер сызығын орталығы тура Ⅰ мен Ⅱ нүктелерден өтетіндей етіп туралаңыз.
  • Лазер сызығының орталығын есік тесігінің жоғарғы шетінде Ⅳ нүктесі ретінде белгілеңіз.
  • Екі белгіленген Ⅲ және Ⅳ нүктенің d айырмашылығы өлшеу құралының тік сызықтан дәл ауытқуын көрсетеді.
  • Есік тесігінің биіктігін өлшеңіз.

Максималды рұқсат етілетін ауытқуды төмендегідей өлшейсіз:
GLL 12‑22:
есік саңылауының екі еселенген биіктігі × 0,8 мм/м
Мысал: есік саңылауының биіктігі 2 м болса, максималды ауытқу
2 × 2 м × ±0,8 мм/м = ±3,2 мм құрауы керек. Сол үшін Ⅲ мен Ⅳ нүктелерінің аралығы ең көбі 3,2 мм болуы керек.
GLL 12‑22 G:
есік саңылауының екі еселенген биіктігі × 0,6 мм/м
Мысал: есік саңылауының биіктігі 2 м болса, максималды ауытқу
2 × 2 м × ±0,6 мм/м = ±2,4 мм құрауы керек. Сол үшін Ⅲ мен Ⅳ нүктелерінің аралығы ең көбі 2,4 мм болуы керек.