Іске қосу
- Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы мәліметтеріне сай болуы қажет.
Электр құралының жұмыс режимін таңдау үшін соққыны/айналуды тоқтату қосқышын (7) пайдаланыңыз.
- Жұмыс режимін ауыстыру үшін соғуды/айналуды тоқтату қосқышын (7) қажетті күйге бұраңыз.
Нұсқау: жұмыс режимін электр құралы өшірулі тұрғанда ғана өзгертіңіз! Әйтпесе электр құралына зақым келуі мүмкін.
Ағаш, металл, керамика және пластмасса бойынша соққысыз бұрғылау және бұрау күйі | |
Бетон немесе тас бойынша соққымен бұрғылау күйі | |
Қашау күйін реттеуге арналған Vario-Lock күйі | |
Қашау күйі |
Айналу бағытын ауыстырып-қосқыш (10) электр құралының айналу бағытын өзгертуге мүмкіндік береді.
Соққымен бұрғылау, бұрғылау және қашау үшін айналу бағытын әрдайым оңға айналу күйіне реттеңіз.
- Оңға айналу: айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (10) күйіне тірелгенше бұраңыз.
- Солға айналу: айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (10) күйіне тірелгенше бұраңыз.
Қашауды 12 күйде бұғаттауға болады. Осылайша оңтайлы жұмыс күйіне қол жеткізуге болады.
- Қашауды құрал бекіткішіне орнатыңыз.
- Соққыны/айналуды тоқтату қосқышын (7) "Vario-Lock" күйіне бұраңыз.
- Алмалы-салмалы аспапты қажетті қашау күйіне бұраңыз.
- Соққыны/айналуды тоқтату қосқышын (7) "Қашау" күйіне бұраңыз. Осылайша құрал бекіткіші бұғатталады.
- Қашау үшін айналу бағытын оңға айналу күйіне орнатыңыз.