Қызмет көрсету және тазалау
- Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
- Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Егер жалғағыш сымды алмастыру қажет болса, қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермеу үшін осы жұмыс тек Bosch компаниясында немесе Bosch электр құралдары бойынша өкілетті қызмет көрсету орталықтарында жүргізілуі тиіс.
Электр құралының тозған көмір қылшақтарына байланысты өшірілуіне дейін шам. 8 сағат бұрын көмір қылшақтарды алмастыру индикаторы (14) қызыл түспен жана бастайды. Электр құралын өшкенше пайдалана беруге болады.
Электр құралын Bosch қызмет көрсету орталығына жіберіңіз, мекенжайларды "Қызмет көрсету орталығы және қолданыс қызметі" бөлімінен қараңыз.
Ешқашан бір көмір қылшақты ғана алмастырмаңыз!
Нұсқау: тек Bosch компаниясынан сатып алынған, өніміңізге арналған көмір қылшақтарды пайдаланыңыз.
- Қаптама қақпақты (1) жарамды гайка бұрауышпен босатыңыз.
- Серіппе қысымы астында тұрған көмір қылшақтарды алмастырып, қаптама қақпақты қайтадан бұрап қойыңыз.
Егер электр құралы бұрғылау кезінде қатты дірілдесе немесе бағыттауыш шинада қуыс көрінсе, бағыттауыш шина қуысының енін реттеу қажет. Бұл алмалы-салмалы аспаптың сынуына және электр құралының зақымдалуына жол бермейді.
- Желілік ашаны розеткадан суырып алыңыз, алмалы-салмалы аспапты және суыту сұйықтығының жүйесін шығарып алыңыз және электр құралын берік, тегіс және көлденең бетке қойыңыз.
- Бұрғы блогын (46) қол қос иінімен (4) саңылау жоғарғы бұранда (47) үстінен орналасқанша жоғары қарай бұраңыз.
- Сол жақ бағыттауыш шинаның жоғарғы бұрандасын (47) алты қырлы дөңбек кілтпен (4 мм) (25) босатыңыз.
- Бұрғы блогын (46) қол қос иінінің (4) көмегімен толықтай жоғары қарай бұраңыз.
- Сол жақ бағыттауыш шинаның 3 астыңғы бұрандасын (47) алты қырлы дөңбек кілтпен (4 мм) (25) босатыңыз.
- 4 бұранданы (48) алты қырлы дөңбек кілтпен (3 мм) (25) бұрап бекітіп, дәл сол уақытта бұрғы блогын (46) қол қос иінінің (4) көмегімен жоғары немесе төмен қарай бұраңыз. Бұл ретте қажетті қозғалыс күшін реттеңіз.
- Бұрғы блогын толықтай жоғары қарай бұраңыз да, сол жақ бағыттауыш шинаның 3 астыңғы бұрандасын (47) алты қырлы дөңбек кілтпен (4 мм) (25) бұрап бекітіңіз.
- Бұрғы блогын толықтай төмен қарай бұраңыз да, сол жақ бағыттауыш шинаның жоғарғы бұрандасын (47) алты қырлы дөңбек кілтпен (4 мм) (25) бұрап бекітіңіз.
Дәл бұрғылауды қамтамасыз ету үшін қарқынды түрде пайдаланғаннан кейін лазер сәулелерін тексеріп, қажетінше қайта реттеу керек.
- Лазерді іске қосу үшін лазер ажыратқышын (7) "I" күйіне басыңыз.
- Лазер қаптамасын (49) бұрап шығарыңыз.
- Ұстағыш қысқыштың (51) бұрандаларын сәл босатыңыз.
- Бұранданы (52) тиісті бағытпен бұрау арқылы лазерлік крестті оңға немесе солға қарай жылжытыңыз.
- Бұранданы (53) тиісті бағытпен бұрау арқылы лазерлік крестті алмалы-салмалы аспапқа қарай немесе одан ары қарай жылжытыңыз.
- Бұрандаларды ұстағыш қысқышпен (51) қайтадан бұрап бекітіңіз.
- Лазер қаптамасын (49) қайтадан берік бекітіңіз.