Белгілер

Төмендегі белгілер шаңсорғышты пайдалануда маңызды болуы мүмкін. Белгілер менен олардың мағыналарын жаттап алыңыз. Белгілерді дұрыс түсіну сізге шаңсорғышты дұрыс әрі сенімді пайдалануға көмектеседі.

Белгілер мен олардың мағынасы

ЕСКЕРТУ! Барлық қауіпсіздік техникасының нұсқауларын және ескертпелерді оқып шығыңыз. Қауіпсіздік техникасының нұсқауларын және ескертпелерді сақтамау ток соғуға, өртке және/немесе ауыр жарақаттануға әкелуі мүмкін.

IEC/EN 60335-2-69 бойынша L класындағы шектік мәні > 1 мг/м³ болған денсаулыққа зиянды шаңды құрғақ соруға арналған сорғыш

ЕСКЕРТУ! Сорғыш денсаулыққа зиян келтіретін шаңды жұтады. Босату және техникалық қызмет көрсету әрекеттерін, соның ішінде шаң жинағыш контейнерді тазалау бойынша жұмыстарды мамандандырылған кәсіпорындарға орындауға тапсырыңыз. Тиісті қорғаныс жабдығы қажет болады. Сорғышты толық және мұқият енгізілген сүзгі жүйесінсіз пайдаланбаңыз. Кері жағдайда денсаулығыңызға зиян келуі мүмкін.