Жұмыс істеуге дайындау

Дәл кесіктерді қамтамасыз ету үшін қарқынды түрде пайдаланғаннан кейін электр құралының негізгі реттеулерін тексеріп, қажетінше реттеу керек болады.
Ол үшін тәжірибе мен тиісті арнайы аспаптар қажет болады.

Bosch сервистік орталығы бұл жұмысты жылдам әрі сенімді түрде өткізеді.

Ұзын және ауыр дайындамалар бос басында басылып тірелуі керек.

Дайындама тіреуіштерінің (9) икемді штепсельдік жүйесі бірнеше ұзартқыш нұсқасын пайдалануға мүмкіндік береді.

  • Қажет болса, дайындама тіреуішін (9) электр құралындағы бекіткіштерге немесе екінші дайындама тіреуішінің бекіткіштеріне енгізіңіз.
  • Электр құралын еш жағдайда дайында тіреуіштерінен ұстап тасымаңыз.
    Электр құралын тасымалдау үшін тек тасымалдау аспаптарын пайдаланыңыз.

Тік еңіс бұрышында аралау кезінде қайырмалы тіреуіш планканы (16) сыртқа қайыру керек.

  • Қайырмалы тіреуіш планканы (16) сыртқа қайырыңыз.

Тік еңіс бұрышында аралағаннан кейін қайырмалы тіреуіш планканы (16) қайтадан кері қайырыңыз.

Оптималды жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дайындаманы әрдайым бекем қысу керек.
Қатты қысуға өте кіші болған дайындамаларды өңдемеңіз.

Тігінен бекіту

  • Дайындаманы (8) және (16) тіреуіш планкаларына қарай басыңыз.
  • Жинақтағы бұрандалы қысқышты (15) арнайы саңылауларға (21) енгізіңіз.
  • Қатпарлы бұранданы (41) босатып, бұрандалы қысқышты дайындамаға сәйкестендіріңіз. Қатпарлы бұранданы қайтадан мықтап бекітіңіз.
  • Бұрандалы қарнақты (42) мықтап тартып, осылайша дайындаманы бекітіңіз.

Көлденеңінен бекіту

  • Қатпарлы бұранданы (43) бұрап шығарыңыз да, бұрандалы қысқышты ашыңыз.
  • Енді "азайтылған" бұрандалы қысқышты (15) цапфалармен (44) арнайы саңылауларға енгізіңіз.
  • Дайындаманы аралау үстеліне (10) берік қысыңыз.
  • Бұрандалы қарнақты (42) мықтап тартып, осылайша дайындаманы бекітіңіз.

Дайындаманы босату

  • Бұрандалы қысқышты босату үшін бұрандалы өзекті (42) сағат тілінің бағытына қарсы бұраңыз.