Іске қосу

Элект құралы қуат қоры жеткіліксіз немесе іске қосу тогын күшейтетін сәйкес кернеу реттегішімен жабдықталмаған электр генераторларынан қуат алса, қосу кезінде қуат төмендеуі немесе электр құралы әдеттен тыс әрекет етуі мүмкін.

Генератордың жарамдылығын, әсіресе, желі үшін жарамдылығын тексеріңіз.

Қосу/өшіру

(GWS 12-125 P)

Электр құралды іске қосу үшін (31) босату тұтқышын алға жылжытып қосқыш/өшіргішті (3) жоғарыға басыңыз.

Электр құралды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті (3) жіберіңіз.

Қосу/өшіру

(GWS 12-125 S)

Электр құралын іске қосу үшін ажыратқышты (32) алға жылжытыңыз.

Ажыратқышты (32) орнату үшін ажыратқышты (32) алдыңғы жағынан төмен қарай тірелгенше басыңыз.

Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (32) жіберіңіз немесе ол бұғатталған болса, ажыратқышты (32) артқы жағынан кішкене төмен басып, сонан соң жіберіңіз.