Пайдалану нұсқаулары

Сақтайтын башмак (32) электр құралын дайындама немесе жонғы пышағын зақымдау қаупінсіз жұмыс істеуден соң қоюға мүмкіндік береді. Жұмыс істеуде сақтайтын башмак (32) жоғарыға қисатылып жонғы етегінің (11) артқы бөлігі босатылады.

Нұсқау: Сақтайтын башмакты (32) шешуге болмайды.

Қажетті жоңқалау тереңдігін реттеп электр құралын жонғы табандығының (11) алғы бөлігімен дайындамаға қарай қойыңыз.

  • Электр құралын дайындамаға тек қосулы күйде апарыңыз. Әйтпесе электр құралы дайындамаға ілініп кері соғу қаупі пайда болады.

Электр құралын қосып бір қалыпты ретте өңделетін беттің үстінен жылжытыңыз.

Жоғары сапалы жонуға жету үшін аздап жылжытып жонғы табандығын орташа күшпен басыңыз.

Берік ағаш сияқты қатты материалдарды өңдеу және максималды жонғы енін қолдануда кіші жоңқалау тереңдігін орнатып, жонғыны жылжыту жылдамдығын азайтыңыз.

Шамадан тыс жылдамдықпен жылжыту бет өңдеу сапасын төмендетіп, жоңқа шығатын жерді жылдам бітейді.

Тек өткір жонғы пышақтары дұрыс кесу сапасын қамтамасыз етіп электр құралын сақтайды.

Орнатылған сақтайтын башмак (32) дайындаманың кез келген жайында тоқтаған жонғы әдісін жалғастыруға мүмкіндік береді:

  • Электр құралын төменге қисатылған сақтайтын башмакпен дайындаманың қайта өңделетін жайына қойыңыз.
  • Электр құралын қосыңыз.
  • Алдыңғы жонғы табандығына басып, электр құралын жай алға жылжытыңыз (➊). Сонда сақтайтын башмак жоғарыға қисайтылып (➋), жонғы табандығының артқы бөлігі дайындамаға қайта жатады.
  • Электр құралын бір қалыпта өңделетін бет үстімен жылжытыңыз (➌).

Алдыңғы жонғы табандығындағы V тәрізді ойықтар дайындама жиектерінің жүздерін жылдам кесуге мүмкіндік береді. Қажетті саңылау еніне сәйкес V тәрізді ойықты пайдаланыңыз. Ол үшін жонғыны V тәрізді ойығымен дайындама жиегіне қойып, үстінен жылжытыңыз.

Пайдаланылатын ойық

Өлшемі a (мм)

ешқандай

0–2,5

кіші

1,5–4,0

орташа

2,0–4,5

үлкен

3,0–5,5

Параллель тіректі (24) бекіткіш бұрандамен (27) электр құралына монтаждаңыз. Пайдалану әдісіне байланысты саңылау тереңдігінің шектегішін (31) бекіткіш бұрандалармен (30) электр құралына орнатыңыз.

Реттегіш гайканы (26) босатып, шкала (25) бойынша қажетті ойық енін орнатыңыз. Реттегіш гайканы (26) қайта бұрап қойыңыз.

Қажетті саңылау тереңдігін саңылау тереңдігінің шектегішімен (31) тиісінше орнатыңыз.

Кесу әрекетін бірнеше рет қайталап, қалаулы саңылау тереңдігіне қол жеткізіңіз. Жонғыны қажетті бүйірлік қысыммен басқарыңыз.