Пайдалану нұсқаулары
- Аккумуляторды электр құралмен кез келген жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету, т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз. Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін тудырады.
Кесік ені пайдаланған ара дискісіне байланысты өзгереді.
Аралау дискілерін соқтығысудан және соққыдан қорғаңыз.
Электр құралды біркелкі және кесу бағытында азғантай қысыммен жүргізіңіз. Тым қатты қысым қондырманың қызмет көрсету мерзімін айтарлықтай қысқартады және электр құралды зақымдауы мүмкін.
Аралаудың өнімділігі және сапасы көбінесе аралау дискісінің күйі мен пішініне байланысты. Сондықтан тек өткір және өңделіп жатқан материалға жарайтын аралау дискілерін пайдаланыңыз.
Ілгектердің (30) көмегімен электр құралын, мысалы, сатыға ілуге болады. Ол үшін ілгектерді (30) қажетті позицияға қайырыңыз.
- Электр құралы ілініп тұрған кезде, ара төсемі кездейсоқ жанасудан қорғалғанына назар аударыңыз. Жарақат алу қаупі бар.
Электр құралымен жұмыс істеу қажет болса, ілгектерді (30) қайтадан жинап қойыңыз.