Іске қосу
- Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы мәліметтеріне сай болуы қажет.
Электр құралының жұмыс режимін таңдау үшін соққыны/айналуды тоқтату қосқышын (11) пайдаланыңыз.
- Жұмыс режимін ауыстыру үшін босату түймесін (10) басып, соққыны/айналуды тоқтату қосқышын (11) қажетті күйге шерту дыбысымен тірелгенше бұраңыз.
Нұсқау: жұмыс режимін электр құралы өшірулі тұрғанда ғана өзгертіңіз! Әйтпесе электр құралына зақым келуі мүмкін.
Бетон немесе тас бойынша соққымен бұрғылау күйі
Ағаш, металл, керамика және пластмасса бойынша соққысыз бұрғылау және бұрау күйі
Қашау күйін реттеуге арналған Vario-Lock күйі
Бұл күйде соққыны/айналуды тоқтату қосқышы (11) бекітілмейді.
Қашау күйі
Айналу бағытын ауыстырып-қосқыш (7) электр құралының айналу бағытын өзгертуге мүмкіндік береді. Дегенмен ажыратқыш (9) басылса, бұл әрекетті орындау мүмкін болмайды.
- Айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (7) электр құралы тоқтап тұрғанда ғана пайдаланыңыз.
Соққымен бұрғылау, бұрғылау және қашау үшін айналу бағытын әрдайым оңға айналу күйіне реттеңіз.
- Оңға айналу: айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (7) екі жағынан да күйіне тірелгенше бұраңыз.
- Солға айналу: айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (7) екі жағынан да күйіне тірелгенше бұраңыз.
Қашауды 36 күйде бұғаттауға болады. Осылайша оңтайлы жұмыс күйіне қол жеткізуге болады.
- Қашауды құрал бекіткішіне орнатыңыз.
- Соққыны/айналуды тоқтату қосқышын (11) "Vario-Lock" күйіне бұраңыз.
- Алмалы-салмалы аспапты қажетті қашау күйіне бұраңыз.
- Соққыны/айналуды тоқтату қосқышын (11) "Қашау" күйіне бұраңыз. Осылайша құрал бекіткіші бұғатталады.
- Қашау үшін айналу бағытын оңға айналу күйіне орнатыңыз.