Жұмыс құралын ауыстыру
Шаңнан қорғайтын қақпақ (4) жұмыс кезіндегі бұрғылау шаңының құрал ұстағышқа кіріп кетуіне жол бермейді. Құрылғыны орнату кезінде шаңнан қрғайтын қақпақтың (4) зақымдалмағанын тексеріңіз.
- Шаңнан қорғайтын қақпақ зақымдалса, оны дереу ауыстыру керек. Оны қызмет көрсету шеберханасында орындау ұсынылады.
SDS plus құралын алмастыру
SDS plus алмалы-салмалы аспабын енгізу (D суретін қараңыз)
SDS plus бұрғылау патроны алмалы-салмалы аспапты қосымша құралдарды пайдаланбай оңай әрі жайлы түрде алмастыруға мүмкіндік береді.
- GBH 2-28 F: SDS plus ауыстырмалы бұрғылау патронын (2) енгізіңіз.
- Алмалы-салмалы аспаптың жалғанатын ұшын тазалап, аздап майлаңыз.
- Алмалы-салмалы аспапты құрал бекіткішіне автоматты түрде бекітілгенше бұрап енгізіңіз.
- Құралды тарту арқылы оның бекітілуін тексеріп шығыңыз.
SDS plus алмалы-салмалы аспабы жүйе салдарынан еркін қозғалады. Сол себептен бос жүріс күйінде радиалды ауытқу пайда болады. Бұл саңылаудың дәлдігіне әсер етпейді, себебі бұрғылау кезінде бұрғы өз бетімен ортаға келтіріледі.
SDS plus алмалы-салмалы аспабын шығару (E суретін қараңыз)
- Бекіткіш бұранданы (5) артынан жылжытып, алмалы-салмалы аспапты шығарыңыз.
Ауыстырмалы жылдам қысқыш бұрғылау патронындағы құралды ауыстыру
GBH 2-28 F
Алмалы-салмалы аспапты енгізу (F суретін қараңыз)
Нұсқау: SDS plus жоқ құралдарды соққымен бұрғылау немесе қашау үшін пайдаланбаңыз! SDS plus жоқ құралдар және олардың бұрғылау патроны соққымен бұрғылау және қашау кезінде зақымдалады.
- Ауыстырмалы жылдам қысқыш бұрғылау патронын (1) енгізіңіз.
- Ауыстырмалы жылдам қысқыш бұрғылау патронының ұстағыш сақинасын (19) мықтап ұстаңыз. Құрал бекіткішін алдыңғы төлкені (18) құрал енгізілгенше бұрау арқылы ашыңыз. Ұстағыш сақинаны (19) нық ұстап тұрып, алдыңғы төлкені (18) шерту дыбысы анық естілгенше көрсеткі бағытымен күштеп бұраңыз.
- Құралдың берік бекітілгенін тарту арқылы тексеріңіз.
Нұсқау: құрал бекіткіші тірелгенше ашылған болса, құрал бекіткішін жабу кезінде шерту дыбысы естілуі мүмкін және құрал бекіткіші жабылмайды.
Бұл жағдайда алдыңғы төлкені (18) көрсеткі бағытына қарсы бір рет бұраңыз. Сонан соң құрал бекіткішін жабуға болады.
- Соғуды/айналуды тоқтату қосқышын (11) "Бұрғылау" күйіне бұраңыз.
Алмалы-салмалы аспапты шығару (G суретін қараңыз)
- Ауыстырмалы жылдам қысқыш бұрғылау патронының ұстағыш сақинасын (19) мықтап ұстаңыз. Алдыңғы төлкені (18) құралды шығару мүмкін болғанша бұрау арқылы құрал бекіткішін ашыңыз.