Қосымша параллель тіректі реттеу (G суретін қараңыз)
Жұқа дайындамаларды аралау үшін және тік еңіс бұрышында аралау үшін қосымша параллель тіректі (52) параллель тірекке (8) орнату керек.
Қосымша параллель тіректі қажет болған жағдайда параллель тіректің (8) сол немес оң жағына орнатуға болады.
Дайындамалар аралау кезінде параллель тірек пен ара дискісінің арасында қысылып, көтерілетін ара дискісімен ұсталуы және лақтырылуы мүмкін.
Сондықтан қосымша параллель тіректі бағыттауыш ұшы ара дискісінің ең алдынғы тісі мен сынаның алдыңғы жиегі аралығында аяқталатындай етіп реттеңіз.
- Ол үшін (39) бекіткіш жинағышының барлық қатпарлы гайкаларын босатып, қосымша параллель тіректі екі ғана алдыңғы бұранда бекітуге қызмет еткенше жылжытыңыз.
- Қатпарлы гайкаларды қайтадан бекітіңіз.