Литий-иондық аккумуляторды зарядтау
- Зарядтау үшін ұсынылатын USB қуат блогын немесе шығыс кернеуі және минималды шығыс тогы "Техникалық мәліметтер" тарауындағы талаптарға сәйкес келетін USB қуат блогын пайдаланыңыз. USB қуат блогының пайдалану бойынша нұсқаулығын қараңыз. Ұсынылатын қуат блогы: "Техникалық мәліметтер" тарауын қараңыз.
- Желілік кернеуге назар аударыңыз! Ток көзінің кернеуі штепсельдік қуат блогының фирмалық тақтайшасындағы мәліметтерге сәйкес келуі тиіс. 230 В деп белгіленген штепсельдік қуат блоктарын 220 В шамасында да пайдалануға болады.
- Литий-иондық батареялар халықаралық тасымалдау режерелеріне сәйкес ішінара зарядталған күйде жеткізіледі. Аккумулятор өнімділігін қамтамасыз ету үшін оны ең бірінші рет пайдаланбай тұрып толық зарядтаңыз.
USB кабелін (27) жалғауға арналған USB ұясы (18) бекіткіш сұққыш (8) қақпағының астында орналасқан.
- Қақпақты ашу үшін босату түймесін (7) басыңыз.
- Өлшеу құралын берілген USB кабелі (27) арқылы штепсельдік қуат блогына жалғаңыз.
- Штепсельдік қуат блогын розеткаға жалғаңыз.
- Зарядтау процесі басталады.
Литий-иондық аккумуляторды пайдалану мерзімін қысқартусыз кез келген уақытта зарядтауға болады. Зарядтау процесін үзу аккумулятордың зақымдалуына әкелмейді.
Аккумулятордың ұзақ қызмет ету мерзіміне қуат үнемдеу шаралары, мысалы, Bluetooth® функциясын қажет болмайтын кезде ажырату немесе дисплей жарықтығын азайту және т.с.с. арқылы қол жеткізуге болады.
Зарядтау процесінің барысында анимация зарядтау қадамын көрсетеді. Егер анимация ары қарай көрсетілмесе, бұл аккумулятордың толық зарядталғанын білдіреді.
Зарядтау процесін жылдамдату үшін өлшеу құралын өшіріңіз.
Заряды бос батарея белгісі дисплейде алғаш рет пайда болғанда, бұл әлі де аз ғана өлшеу әрекеттерін орындауға болатынын білдіреді.
Егер батарея белгісі бос болып, қызыл түспен жыпылықтаса, бұл өлшеу әрекеттерін ары қарай орындау мүмкін болмайтынын білдіреді. Батареяларды немесе аккумуляторларды алмастырыңыз.
Өлшеу құралын қысқа уақыт қана пайдалануға болады (мысалы, өлшеу мәндерінің тізіміндегі енгізілімдерді тексеру үшін). Аккумуляторды зарядтаңыз.
Ұзақ уақыт пайдаланбайтын жағдайда штепсельдік қуат блогын ток желісінен ажыратыңыз.
Оған қоса аккумуляторды USB порты арқылы зарядтауға да болады. Ол үшін өлшеу құралын USB кабелі (27) арқылы USB портына жалғаңыз. USB режимінде (зарядтау режимі, деректерді тасымалдау) зарядтау уақыты айтарлықтай ұзаруы мүмкін.
Өлшеу құралын зарядтау барысында дербес пайдалану мүмкін емес.
- Bluetooth® функциясы зарядтау барысында өшіп қалады. Басқа құрылғылармен бар байланыстар үзіледі. Бұл ретте деректер жоғалуы мүмкін.
Өлшеу құралындағы аккумулятормен оңтайлы түрде жұмыс істеу бойынша нұсқаулар
Өлшеу құралын тек рұқсат етілген температура диапазонында сақтаңыз, қараңыз Техникалық мәліметтер. Өлшеу құралын, мысалы, жаз кезінде автомобиль ішінде қалдырмаңыз.
Зарядтағаннан кейін айтарлықтай қысқарған жұмыс уақыты аккумулятордың тозып біткенін және Bosch қызмет көрсету орталығында ауыстыру қажеттігін білдіреді.
Кәдеге жарату бойынша нұсқауларды орындаңыз.