Пайдалану нұсқаулары
- Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
- Қылышты ара тұрып қалса электр құралын бірден өшіріңіз.
- Жеңіл құрылыс материалдарын аралау кезінде материал өндірушісінің нұсқаулықтары мен ұсыныстарын орындаңыз.
Ағаш, АЖТ, құрылыс материалдарын және т.б. аралау алдында ине, бұранда және т.б. сияқты бөгде заттардың бар-жоғын тексеріп шығыңыз және жарамды ара төсемін пайдаланыңыз.
Электр құралын қосып өңделетін дайындамаға апарыңыз. Тіреу тақтасын (2) дайындама бетіне қойып, материалды бірқалыпты ретте басып немесе жылжытып аралаңыз. Жұмыс әрекетін аяқтағаннан соң электр құралын өшіріңіз.
Ара төсемі тұрып қалса, электр құралын бірден өшіріңіз. Араланған аралықты сайкес аспаппен аз кеңейтіп электр құралын шығарыңыз.
Тіреу тақтасы (2) жылжымалылығына байланысты үстіңгі беттің қажетті бұрыштық күйіне сай келеді.
Тірек тақтасын (2) пайдаланылатын ара дискісіне және пайдалану тәсіліне байланысты бойлай бағытпен сатысыз жылжытуға болады.
Бұрандаларды (12) алты қырлы дөңбек кілтпен (8) босатып, тірек тақтасын (2) қажетті күйге жылжытыңыз. Бұрандаларды қайтадан бұрап бекітіп, тірек тақтасының мықтап орнатылғанын тексеріп шығыңыз.
- Батырып аралау кезінде тек ағаш, гипсокартон және т.б. сияқты жұмсақ материалдарды өңдеуге болады! Батырып аралау кезінде металл заттарды өңдемеңіз!
Батырып аралау үшін тек қысқа ара төсемдерін пайдаланыңыз.
Электр құралын тіреу тақтасының (2) жиегімен ара төсемін (1) дайындамаға тигізбей дайындамаға қойыңыз және іске қосыңыз. Жүріс басқаруы бар электр құралдарда максималды жүріс санын таңдаңыз. Электр құралын қатты дайындамаға басып, ара төсемін ақырын дайындамаға кіргізіңіз.
Тіреу тақтасы (2) дайындамаға толықтай жайылғанда, қалаулы кесік сызығымен аралаңыз.
Белгілі бір жұмыстарда ара төсемін (1) 180°-қа бұрап (тістерін жоғары қаратып), қайта орнатуға және электр құралын тиісінше бұрап бағыттауға болады.
Икемді биметалл ара төсемдері, мысалы, су құбырлары және т.б. сияқты дөңес құрылыс элементтерін тікелей қабырғада аралауға мүмкіндік береді.
- Ара төсемі әрдайым өңделетін дайындама диаметрінен ұзын болғанына көз жеткізіңіз. Кері соққы қаупі бар.
Ара төсемін қабырғаға тығыз қойып, электр құралын шетінен басып, тірек тақтаны қабырғаға тигізіп аздап қисайтыңыз. Электр құралын қосып дайындаманы тұрақты реттегі басымбен аралаңыз.
Ілгектердің (5) көмегімен электр құралын, мысалы, сатыға іліп қоюға болады. Ол үшін ілгектерді қажетті күйге қайырыңыз.
- Электр құралы ілінген кезде, ара дискісі кездейсоқ жанасудан қорғалғанына назар аударыңыз. Жарақат алу қаупі бар.
Электр құралымен жұмыс істеу қажет болса, ілгектерді (5) қайтадан жинап қойыңыз.