Пайдалану бойынша нұсқаулар
- Кіріктірілген Bluetooth® Low Energy Module GCY 42 модулі бар электр құралы радио интерфейспен жабдықталған. Жергілікті пайдалану шектеулерін, мысалы, ұшақтарда немесе емханаларда ескеріңіз.
- Bluetooth® радио технологиясын пайдалануға болмайтын аймақтарда Bluetooth® Low Energy Module GCY 42 модулі мен түймелі аккумуляторды шығарып алу керек.
Нұсқау: қақпақты (11) Bluetooth® Low Energy Module GCY 42 модулі және түймелі элемент электр құралында орналасқанда ғана берік жабуға болады.
- Bluetooth® Low Energy Module GCY 42 модулін ажырату үшін түймелі элементті айналдырыңыз немесе оқшаулағышты түймелі элемент пен Bluetooth® Low Energy Module GCY 42 модулінің арасында орнатыңыз.
- Лас кірмеуі үшін қақпақты (11) жауып қойыңыз.
- Алмалы-салмалы аспап қысылса немесе ілінсе бұрғылау шпинделіне беріліс тоқтатылады. Осында пайда болатын күш себебінен электр құралын екі қолмен қатты ұстап бекем қалыпта тұрыңыз.
- Егер электр құралы тіреліп қалса, электр құралын өшіріп алмалы-салмалы аспапты босатыңыз. Бұғатталған бұрғылайтын аспапты қосу кезінде жоғары реактивті күш пайда болады.
Жылдам өшіру тетігі (KickBack Control) электр құралын жақсырақ бақылауға көмектеседі және осылайша KickBack Control құралынсыз электр құралдарымен салыстырғанда пайдаланушы қорғанысын да күшейтеді. Электр құралы бұрғы осі бойынша кездейсоқ және күтілмеген ретте айналса, электр құралы өшеді, жылдам өшіру индикаторы (17) қызыл түспен жанады және жұмыс шамы (12) жыпылықтайды. Жылдам өшіру функциясы қосылып тұрғанда, күй индикаторы (20) қызыл түспен жыпылықтайды.
- Қайта іске қосу үшін ажыратқышты (9) жіберіп, қайта басыңыз.