Ылғал шаңсору
- Шаңсорғышпен бензин, май, спирт, еріткіштер сияқты жанғыш немесе жарылғыш сұйықтықтарды соруға болмайды. Ыстық, жанып тұрған немесе жарылғыш шаңды соруға болмайды. Шаңсорғышты жарылу қаупі бар жайларда пайдалануға болмайды. Шаң, бу немесе сұйықтықтар тұтануы немесе жарылуы мүмкін.
- Шаңсорғышты сорғы ретінде пайдалануға болмайды. Шаңсорғыш ауа және су қоспасын соруға арналған.
Ылғал шаңсору алдындаңы жұмыс қадамдары
- Құлыптарды (7) ашып шаңсорғыштың жоғары бөлігін (6) ашыңыз.
- Қажет болса, қоқыс қабын (20) немесе шаң жинағыш қапты шығарып алыңыз.
- Қажет болса, контейнерді (1) босатыңыз.
- Шаңсорғыштың жоғары бөлігін (6) орнатып құлыптарды (7) жабыңыз.
Сұйықтықтарды сорып алу
- Шаңсорғышты қосыңыз.
Шаңсорғыш қалтқымен жабдықталған. Максималды толтыру биіктігіне жеткен кезде, сору тоқтатылады.
- Шаңсорғышты өшіріңіз.
- Контейнерді (1) босатыңыз.
Ылғалды шаң сорғаннан кейін зең басудың алдын алу үшін:
- Шаңсорғыштың жоғарғы бөлігін (6) алып, қатпарлы сүзгіні (28) шығарыңыз және барлығын жақсылап кептіріңіз.