Жұмыс үстелдеріне арналған қауіпсіздік техникасының нұсқаулары
- Құрылғыда реттеу жұмыстарын орындаудан немесе керек-жарақтарды алмастырудан бұрын ашаны розеткадан шығарыңыз және/немесе аккумуляторды электр құралынан шығарып алыңыз. Электр құралының кездейсоқ іске қосылуы кебір сәтсіз оқиғалардың себебі болады.
- Электр құралын орнатудан алдын жұмыс үстелін дұрыс құрыңыз. Бұзылу қауіпін болдырмау үшін ақаусыз жинақтау маңызды болып табылады.
- Электр құралын пайдаланудан бұрын жұмыс үстеліне берік бекітіңіз. Электр құралының жұмыс үстелінде сырғып кетуі бақылауды жоғалтуға алып келуі мүмкін.
- Жұмыс үстелін тұрақты, тегіс және көлденең бетке қойыңыз. Егер жұмыс үстелі сырғитын немесе тербелетін болса, дайындаманы бір қалыпты және сенімді басқару мүмкін болмайды.
- Жұмыс үстеліне қатты жүктеме түсірмеңіз және оны саты немесе тірек ретінде пайдалабаңыз. Жұмыс үстеліне қатты жүктеме түсіру немесе үстінде тұру жұмыс үстелінің салмақ орталығы артып, аударылуына алып келуі мүмкін.
- Дайындаманы ара төсеміне күшпен қыстырмаңыз. Электр құралын пайдалану кезінде тым көп қысым қолданылса, жұмыс үстелі аударылып қалуы мүмкін.
- Жұмыс кезінде бүкіл бұрандалар мен қосылым элементтері нық тартылғанына көз жеткізіңіз. Бос қоспалар тұрақсыздық және тура емес аралау әдістеріне алып келуі мүмкін.
- Ұзын және ауыр дайындамалардың жұмыс үстелін тең салмақтылықтан шығармағанына көз жеткізіңіз. Ұзын және ауыр дайындамалар бос басында басылып тірелуі керек.
- Жұмыс үстелін жинау немесе жаю кезінде саусағыңызды топсалардың жанына әкелмеңіз. Саусақ жаншылуы мүмкін.