Іске қосу
- Желі қуатына назар аударыңыз! Ток көзінің қуаты электр құралының зауыттық тақтайшасындағы мәліметтерге сай болуы қажет. 230 В белгісімен белгіленген электр құралдармен 220 В жұмыс істеуге болады.
Элект құралы қуат қоры жеткіліксіз немесе іске қосу тогын күшейтетін сәйкес кернеу реттегішімен жабдықталмаған электр генераторларынан қуат алса, қосу кезінде қуат төмендеуі немесе электр құралы әдеттен тыс әрекет етуі мүмкін.
Генератордың жарамдылығын, әсіресе, желі үшін жарамдылығын тексеріңіз.
Қосу/өшіру
Электр құралын Іске қосу үшін қосқыш/өшіргішті (3) алға жылжытыңыз.
Қосқыш/өшіргішті (3) орнату үшін қосқыш/өшіргішті (3) төменге тірелгенше басыңыз.
Электр құралын өшіру үшін, қосқыш/өшіргішті (3) жіберіп немесе ол бекітілген болса қосқыш/өшіргішті (3) қысқа артында төмен басып сосын жіберіңіз.
- Пайдаланудан алдын ажарлау құралдарын қайта тексеріңіз. Ажарлау құралы берік орнатылып, еш кедергісіз айналуы қажет. 1 минут ішінде сынау жұмысын жүктемесіз орындаңыз. Ақауы бар, домалақ емес және дірілдейтін ажарлау құралдарын пайдаланбаңыз. Бұзылған ажарлау құралдары жарылып, зақымдарға алып келуі мүмкін.