Электр құралын орнату (A суретін қараңыз)
Бекіткіш тежегіш (29) тартылғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғы қысқышындағы бұранданы (18) айыр тәрәзді кілтпен (кілт ені 13 мм) босатыңыз. Электр құралын қысылатын мойыншасын жоғары қаратып құрылғы қысқышына (19) тірелгенше енгізіңіз.
Электр құралын құрылғы қысқышына барлық ажыратқыштар қолжетімді болатындай және электр құралындағы шаң сору/суды суыту жалғағышы бұрғылау әрекетіне кедергі жасамайтындай етіп бұрап кіргізіңіз. Бұранданы (18) айыр тәрізді кілтпен (кілт ені 13 мм) тартып қойыңыз.
Айналатын крестті (17) бұрғылау әрекеті үшін оңға немесе солға қарай тегершікке (28) жылжытыңыз.
- Электр құралының құрылғы қысқышында берік бекітіліп тұрғанын тексеріңіз.
Электр құралын бұрғылау станинасынан шығару кезінде әрекетті кері реттілік бойынша орындаңыз.