Мақсаты бойынша қолдану
Тасымалды алмасты бұрғы білдек GDB 180 WE + GCR 180
Алмасты бұрғы білдек
Электр құралы алмасты ылғалды бұрғылау коронкасымен және су ағызу құбырымен бірге бетон мен темір бетонды ылғалды бұрғылауға арналған. Электр құралы сорғыш құрылғымен (су жинау сақинасы мен ылғалды/құрғақ сорғыш) бірге пайдалануға болады.
Электр құралы алмасты құрғақ бұрғылау коронкаларымен және арнайы сорғыш құрылғымен бірге кірпіш, құм тас, газды бетон және плиткаларда құрғақ бұрғылауға арналған.
Электр құралын стационарлық режимде тек GCR 180 алмасты бұрғылау станинасымен бірге пайдалануға болады. Бас үстінен жұмыс істеуге рұқсат етілмейді.
Алмасты бұрғылау станинасы
Алмасты бұрғылау станинасы Bosch ұсынған GDB 180 WE алмасты бұрғы білдегін орнатуға арналған. Басқа құрылғыларды орнатуға болмайды.
Алмасты бұрғылау станинасын дюбельдің көмегімен еденге немесе қабырғаға орнатуға болады.
Алмасты бұрғылау станинасын вакуум (керек-жарақ) көмегімен еденге немесе (қосымша бекіткішпен) қабырғаға орнатуға болады. Бас үстінен бекітуге рұқсат етілмейді.