Параллель тіректі реттеу
Параллель тіректі (8) ара дискісінің сол (қара түсті шкала) немесе оң (күміс түсті шкала) жағында орналастыруға болады. Лупадағы (68) белгі шкаладағы (1) параллель тірек пен ара дискісінің арақашықтығын көрсетеді.
Параллель тіректі ара дискісінің қажетті жағына орналастырыңыз.
Параллель тіректі тартылмаған
аралау үстелінде реттеу
- Параллель тіректің (8) қысқыш тұтқасын (51) босатыңыз. Параллелль тіректі лупадағы (68) белгі ара дискісіне дейінгі қажетті арақашықтықты көрсеткенше жылжытыңыз.
Аралау үстелі тартылмаған жағдайда, күміс түсті шкаланың (1) астыңғы жазбасы жарамды болады. - Бекіту үшін қысқыш тұтқаны (51) қайтадан төмен қарай итеріңіз.
Параллель тіректі тартылған
аралау үстелінде реттеу (F суретін қараңыз)
- Параллель тіректі ара дискісінің оң жағында орналастырыңыз.
Параллель тіректі лупадағы (68) белгі астыңғы шкалада 33 см көрсеткенше жылжытыңыз.
Бекіту үшін қысқыш тұтқаны (51) қайтадан төмен қарай итеріңіз. - Аралау үстелінің кеңейтіміне арналған қысқыш тұтқаны (18) толығымен жоғары қарай тартыңыз.
- Аралау үстелінің кеңейтімін (11) арақашықтық индикаторы (69) жоғарғы шкаладағы ара дискісіне дейінгі қажетті арақашықтықты көрсеткенше сыртқа тартыңыз.
- Қысқыш тұтқаны (18) төмен қарай итеріңіз.
Сонда аралау үстелінің кеңейтімі бекітіледі.