Ақаулықтарды жою

Мәселе

Шешімі

Сору турбинасы жұмыс істемей тұр.

  • Желілік кабельді, ашаны, сақтандырғышты және розетканы тексеріңіз.

Жұмыс режимдерін ауыстырып-қосқыш (1) "Іске қосу/тоқтату автоматикасы" режимінде тұр.

  • Жұмыс режимдерін ауыстырып-қосқышты (1) "Сору" белгісіне орнатыңыз немесе розеткаға (2) жалғанған электр құралын іске қосыңыз.

Сору турбинасы контейнер босатылғаннан кейін де жұмыс істемей тұр.

  • Шаңсорғышты өшіріп, 5 секунд күтіңіз, содан кейін оны қайта қосыңыз.

Сору қуаты төмендеді.

  • Контейнерді (7) босатыңыз.
  • Сору саптамасынан, сорғыш құбырдан (26), сорғыш шлангіден (15) немесе басты сүзгіден (20) жиналып қалған шаңды тазартыңыз.
  • Пластик қапты (19) немесе шаң жинағыш қапты алмастырыңыз.
  • Сүзгі ұстағышын (29) дұрыс бекітіңіз.
  • Шаңсорғыштың жоғарғы бөлігін (10) дұрыс орнатып, құлыптарын (9) жабыңыз.
  • Алдын ала тазарту сүзгісін (22), басты сүзгіні (20) немесе ылғалды сүзгіні (21) алмастырыңыз.

Шаң сору кезінде шаң шығып жатыр

  • Басты сүзгінің (20) дұрыс орнатылғанын тексеріңіз.
  • Басты сүзгіні (20) алмастырыңыз.

Өшіру автоматикасы (ылғалды сору) жұмыс істемей тұр.

Сұйықтықтар ток өткізбейтін болса немесе көбік пайда болса, өшіру автоматикасы жұмыс істемейді.

  • Толтыру деңгейін жүйелі түрде бақылаңыз.

Сүзгіні жартылай автоматты түрде тазалау функциясы жұмыс істемейді

  • Контейнерді (7) босатыңыз.