Бұрғылау патронын алмастыру

Ауыстырмалы бұрғылау патронын шығару (A суретін қараңыз)

  • Ауыстырмалы бұрғылау патронының құлыптау сақинасын (6) артқа тартып, оны осы күйде ұстап тұрыңыз және SDS plus ауыстырмалы бұрғылау патронын (2) немесе ауыстырмалы жылдам қысқыш бұрғылау патронын (1) алға тартып шығарыңыз.
  • Ауыстырмалы бұрғылау патронын шығарғаннан кейін кірден тазалап шығыңыз.

Ауыстырмалы бұрғылау патронын орнату (A суретін қараңыз)

  • Ауыстырмалы бұрғылау патронын орнатудан бұрын тазалап, салынатын ұшын аздап майлаңыз.
  • SDS plus ауыстырмалы бұрғылау патронын (2) немесе ауыстырмалы жылдам қысқыш бұрғылау патронын (1) алақанмен ұстаңыз. Ауыстырмалы бұрғылау патронын, шерту дыбысы анық естілгенше, бұрғылау патронының бекіткішіне  бұрап кіргізіңіз.
  • Ауыстырмалы бұрғылау патроны автоматты түрде бекітіледі. Ауыстырмалы бұрғылау патронының бекітілуін тарту арқылы тексеріңіз.