Магниттік бұрғыларға арналған қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар
- Кесетін керек-жарақтан жасырын сымдар немесе өз сымына тиюі мүмкін әрекеттерді жасаған кезде электр құрылы оқшауланған ұстау жайынан ұстаңыз. Егер кесуші аспап істеп тұрған сымға тисе электр құралының метал бөлшектерін істетіп пайдаланушыны тоқ соғуы мүмкін.
- Электр құралын сақтандырғыш таспамен дайындамаға бекіткен кезде, сақтандырғыш таспаның аспапты пайдалану барысында ұстап тұруға және бекітуге қабілетті екендігіне көз жеткізіңіз. Егер дайындама сынғыш немесе кеуек болса, ол зақымдалып, электр құралының дайындамадан босап кетуіне әкелуі мүмкін.
- Қабырға немесе төбеден өткізіп бұрғылауда, басқа жағында адамдар және жұмыс аймағын қорғауды қамтамасыз етіңіз. Ұшы тесіктен өтіп басқа жағында түсіп кетуі мүмкін.
- Суыту сұйықтығының багын тік немесе еңіс беттер бойынша бұрғылау немесе бас үстінен бұрғылау кезінде пайдалануға болмайды. Суытқыш көбікті пайдаланыңыз. Құралға су тимегенін қадағалаңыз. Егер электр құралына су тисе, ток соғу қаупі аса жоғары болады.
- Электр құралын бекіту керек. Тиісінше бекітілмеген электр құралы жылжып немесе аударылып кетуі және жарақат тигізуі мүмкін.
- Қолғап кимеңіз. Қолғап айналып тұрған бөліктер немесе сынықтар арқылы тартылып жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін.
- Аспап степ тұрғанда қолдарыңызды шығармай тұрыңыз. Айналып тұрған бөліктерге тиіп тұру жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін.
- Керек-жарақтар дайындамаға апарудан алдын айналып тұрғанына көз жеткізіңіз. Әйтпесе, керек-жарақтар дайындамаға қысылып дайындаманың күтілмеген әрекетіне және жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін.
- Керек-жарақтар қысылғанда, төмен баспай тұрыңыз және аспапты өшіріңіз. Зерттеп қысылудың себебін жою үшін дұрыстау әрекеттерін жасаңыз. Қысылу дайындаманың күтілмеген әрекетіне және жеке жарақаттануына себеп болуы мүмкін.
- Төменгі қысымды жүйелі түрде кідірту арқылы ұзын кесіктердің пайда болуына жол бермеңіз. Өткір металл кесіктері шатасуды тудырып, адамға жарақат тигізуі мүмкін.
- Аспап істеп тұрғанда бұрғылау аймағынан сынықтарды алып тастамаңыз. Сынықтарды алып тастау үшін керек-жарақтарды дайындамадан алып тастап, аспапты өшіріңіз да керек-жарақ тоқтауын күтіңіз. Сынықтарды алып тастау үшін қылшық немесе ілмек сияқты аспаптарды пайдаланыңыз. Айналып тұрған бөліктерге тиіп тұру жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін.
- Керек-жарақтардың есептелген жылдамдығы кемінде электр құралында белгіленген максималдық жылдамдыққа тең болуы керек. Есептелген жылдамдығынан тезірек істеп тұрған керек-жарақтар сынуы, ұшып кетуі мүмкін.
- Қажетті іздеу құралдарын пайдаланып жасырылған сымдарды табыңыз немесе жауапты жергілікті ұйым өкілдерін шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын зақымдау жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырын зақымдау материалдық зиянға немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін.
- Электр құралын ешқашан жинақтағы авариялық тоқ қрғағыш өшіргішісіз (PRCD) пайдаланбаңыз.
- Жұмысты бастамас бұрын жылыстау тогынан қорғайтын ажыратқыштың (PRCD) дұрыс жұмыс істеп тұрғанын тексеріп шығыңыз. Зақымдалған жылыстау тогынан қорғайтын ажыратқышты (PRCD) Bosch қызмет көрсету орталығына жөңдеуге немесе ауыстыруға беріңіз.
- Не жұмыс аймағындағы адамдарға, не электр құралының өзіне шығып жатқан су тимегеніне назар аударыңыз.
- Сырғанамайтын аяқ киімін киіп жүріңіз. Осылайша жылтыр беттерде сырғанау себебінен пайда болатын жарақат алудың алдын аласыз.
- Құрал толық тоқтағаныша оне ешқашан қалдырмаңыз. Әлі айналып тұрған алмалы-салмалы аспаптар жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
- Бұрғылайтын білдектің жалғағыш кабелін жұмыс аймағынан алшақ ұстаңыз. Зақымдалған немесе шиеленіскен кабель электр тогының соғу қауіпін арттырады.
- Электр құралына артық жүктеме түсірмеңіз және оны саты немесе тірек ретінде пайдаланбаңыз. Электр құралына артық жүктеме түсіру немесе оның үстінде тұру электр құралының ауырлық орталығы жоғары жылжып, оның аударылуына әкелуі мүмкін.
- Электр құралын тек қорғаныш сымы бар және өлшемі жеткілікті ток желілерінде пайдалануға болады.
- Құрылғыда реттеу жұмыстарын орындаудан немесе керек-жарақтарды алмастырудан бұрын ашаны розеткадан шығарыңыз және/немесе аккумуляторды электр құралынан шығарып алыңыз. Электр құралының кездейсоқ іске қосылуы кебір сәтсіз оқиғалардың себебі болады.
- Электр құралын бас үстінен пайдалану кезінде әрдайым екі адам жұмыс істеуі керек.
- Тік немесе еңіс жазықтықтарда бұрғылау және бас үстінен жұмыс істеу кезінде электр құралын сақтандырғыш таспамен бекітіңіз. Ток берілуі үзілген немесе ауыр жүктеме түскен жағдайда, магниттің ұстау күші сақталмайды. Электр құралы түсіп қалуы және жазатайым оқиғаларды тудыруы мүмкін.
- Электр құралының кездейсоқ тербелу әрекетінен түсіп қалу қауіпі бар. Рамада жұмыс істегенде, электр құралы іске қосылғанда немесе ток өшкенде кездейсоқ тербелу қозғалысы пайда болуы мүмкін. Электр құралын берілген сақтандырғыш таспамен бекітіңіз. Сақтандырғыш таспаны қолдану арқылы өзіңізді құлап қалудан сақтаңыз.
- Үстіңгі бет тегіс және таза болуы керек. Қатты кедір-бұдыр жерлерді, мысалы, дәнекерлеу шашырандыларын тегістеп, босаған тоттты, кірді және майды кетіріңіз. Магниттің ұстау күші тек тиісті үстіңгі беттерде бар болады.
Магнитті имплантаттардың немесе кардиостимулятор немесе инсулин сорғысы сияқты басқа да медициналық құрылғылардың жанына қоймаңыз. Магнит имплантаттардың немесе медициналық құрылғылардың жұмысына әсер ететін өріс тудырады. |
- Электр құралын магниттік дерек тасығыштары мен магнитке сезімтал құрылғылардан алшақ ұстаңыз. Магнит әсері деректердің біржолата жойылуына әкелуі мүмкін.
- Электр құралын берік, тегіс және көлденең бетте бекітіңіз. Егер электр құралы сырғитын немесе тербелетін болса, оны бірқалыпты және сенімді басқару мүмкін болмайды.
- Өңделетін дайындаманы қоса бүкіл жұмыс аймағын таза ұстаңыз. Өткір қырлы бұрғылау жоңқасы мен бөгде заттар жарақаттануға әкелуі мүмкін. Материал қоспалары өте қауіпті. Жеңіл металл шаңы жанып жарылуы мүмкін.
- Жұмыстан соң алмалы-салмалы аспап суығанша тимеңіз. Алмалы-салмалы аспап жұмыс істеген кезде қатты қызады.
- Жұмыс процесі аяқталғаннан кейін бағыттауыш штифтен шығарылатын кернге тимеңіз. Керн өте ыстық болуы мүмкін.
- Кабельді жүйелі түрде тексеріп зақымдалған кабельді тек Bosch электр құралыдарыңың өкілетті сервистік қызметыне жөндетіңіз. Зақымдалған ұзартқыш кабелін алмастырыңыз. Сол арқылы электр құралының қауіпсіздігін сақтайсыз.
- Пайдаланбаған электр құралын дұрыс сақтаңыз. Жататын жері құрғақ және жабылатын болуы керек. Осылай электр құралы жатқан жерінде зақымдалуы немесе тәжирібесіз адамдар пайдалануына жол бермейсіз.
- Электр құралды зақымдалған кабельмен пайдаланбаңыз. Егер кабель жұмыс істеу кезінде зақымдалса зақымдалған кабельді тимей желі айырын шығарыңыз. Зақымдалған кабель электр тоғының соғу қаупін арттырады.
- Электр құралын тиісті тәртіппен жерге тұйықталған ток желісіне жалғаңыз. Розетка мен ұзартқыш кабельде ақаусыз қорғаныш сым болуы қажет.
- Магниттің ұсталуы дайындаманың қалыңдығына тәуелді. Үздік ұсталуы қалыңдығы кем дегенде 20 мм болатын көміртегі аз болатта қамтамасыз етіледі. Қалыңдығы азырақ болатын болатта бұрғылау кезінде магниттік тіреу тақтасының астына қосымша болат тақтаны (минималды өлшемдері 100 x 200 x 20 мм) қою керек. Болат тақтаны түсіп қалудан бекітіңіз.
- Металл жоңқасы мен басқа да ластағыш заттар магниттің ұсталуына елеулі әсер етеді. Әрдайым магниттік тіреу тақтасының таза екендігіне көз жеткізіңіз.
- Магниттің босап кетуіне жол бермеңіз. Бұрғылау жұмысын бастамас бұрын магниттік тіреу тақтасының дайындамада тиісінше ұсталғанына көз жеткізіңіз.
- Магнит күшін өшірмеңіз немесе аспап толық тоқтағанша кері бұрғылау функциясын пайдаланыңыз.
- Жеке розеткаларында пайдаланылатын басқа электрлік құрылғылар біркелкі емес кернеуді тудырып, магниттің босап кетуіне апарып соғуы мүмкін. Бір розеткада тек электр құралының өзін ғана пайдаланыңыз.
- Сақиналы бұрғылау коронкаларын суыту сұйықтығынсыз пайдаланбаңыз. Суыту сұйықтығының деңгейін әрдайым жұмысты бастамас бұрын тексеріңіз.
- Қозғалтқышты қорғаңыз. Қозғалтқышта ешқашан суыту сұйықтығының, судың немесе басқа сұйықтықтардың қалуына жол бермеңіз.
- Металл жоңқасы әдетте өте өткір және ыстық болады. Оған еш жағдайда жалаңаш қолмен тимеңіз. Магниттік жоңқа жинағышпен және жоңқа ілмегімен немесе басқа арнайы құралмен тазалаңыз.
- Құрылғыны еш жағдайда қате немесе төмен кернеумен пайдалануға әрекеттенбеңіз. Тиісті кернеу мен жиіліктің пайдаланылғанына көз жеткізу үшін фирмалық тақтайшаны қараңыз.
- Электр құралы лазер ескерту белгісімен бірге жеткізіледі ("Белгілер және олардың мағанасы" кестесін қараңыз).
- Электр құралындағы ескертулер анық көрінетін болсын.
Лазер сәулесін адамдарға немесе жануарларға бағыттамаңыз және өзіңіз де тікелей немесе шағылысқан лазер сәулесіне қарамаңыз. Бұл адамдардың көзін шағылдыруы мүмкін, сәтсіз оқиғаларға әкелуі немесе көзге зақым келтіруі мүмкін. |
- Егер лазер сәулесі көзге түссе көздерді жұмып басты сәуледен ары қарату керек.
- Лазер құрылғысында ешқандай өзгерту орындамаңыз.
- Балаларға электр құралын бақылаусыз пайдалануға рұқсат етпеңіз. Олар басқа адамдардың немесе өзінің көзін абайсыздан шағылыстыруы мүмкін
- Егер лазер ескерту тақтасының мәтіні еліңіздің тілінде болмаса, алғаш рет қолданысқа енгізбес бұрын оның орнына еліңіздің тіліндегі жапсырманы жабыстырыңыз.