Жұмыс құралын ауыстыру
Шаңнан қорғайтын қақпақ (3) жұмыс кезіндегі бұрғылау шаңының құрал ұстағышқа кіріп кетуіне жол бермейді. Құрылғыны орнату кезінде шаңнан қрғайтын қақпақтың (3) зақымдалмағанын тексеріңіз.
- Шаңнан қорғайтын қақпақ зақымдалса, оны дереу ауыстыру керек. Оны қызмет көрсету шеберханасында орындау ұсынылады.
Құралды алмастыру
Алмалы-салмалы аспапты енгізу (B суретін қараңыз)
SDS max құрал бекіткішінің көмегімен алмалы-салмалы аспапты қосымша құралдарды пайдаланбай оңай және тез алмастыруға болады.
- Алмалы-салмалы аспаптың жалғанатын ұшын тазалап, аздап майлаңыз.
- Алмалы-салмалы аспапты құрал бекіткішіне автоматты түрде бекітілгенше бұрап енгізіңіз.
- Құралды тарту арқылы оның бекітілуін тексеріп шығыңыз.
Алмалы-салмалы аспапты шығару (C суретін қараңыз)
- Бекіткіш бұранданы (4) артынан жылжытып, алмалы-салмалы аспапты шығарыңыз.