Қорғаныш аспапты орнату
Нұсқау: Жұмыс кезінде тегістеу шеңбері бұзылса немесе қорғағыш қаптама/электр құрал құрылғылары бұзылса, электр құралды бірден сервис қызметіне жіберу керек, мекенжайларды «Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері» тарауынан қараңыз.
Қысқыш иінтіректі (11) ашыңыз. Қорғаныш қаптаманы (8) кодтау жұдырықшасымен (10) шпиндель мойнындағы кодтау ойығына енгізіңіз, сонда қорғаныш қаптаманың қамыты электр құралының фланеціне кіруі тиіс, сонан соң қорғаныш қаптаманы (8) қалаулы позицияға дейін бұраңыз. Қысқыш иінтіректі (11) жауып қойыңыз.
- Қорғаныш қаптаманы (8) операторға қарай ұшқын бағытталмайтындай етіп орнатыңыз.
Қорғаныш қаптама (8) құлпының қысу күшін реттеу бұрандасын (13) босату немесе тарту арқылы өзгертуге болады. Қорғаныш қаптаманың (8) тұрақты тұруына көз жеткізіп, оны жүйелі түрде тексеріңіз.
Нұсқау: қорғаныш қаптамадағы (8) кодтау жұдырықшалары тек электр құралына жарамды қорғаныш қаптаманың монтаждалуын қамтамасыз етеді.
- Тасты кескенде шаңның жеткілікті сорылуын қамтамасыз етіңіз.
Кесуге арналған қорғаныш қаптама (18)/(17) бекіткіш бұрандамен ажарлауға арналған қорғаныш қаптама (9) қысқыш иінтірекпен ажарлауға арналған қорғаныш қаптама (8) сияқты монтаждалады.
- Кесу үшін әрдайым кесуге арналған қорғаныш қаптаманы (18)/(17) немесе ажарлауға арналған қорғаныш қамтаманы (9)/(8) кесуге арналған қаптамамен (19) бірге пайдаланыңыз.
Кесуге арналған қаптама
Кесуге арналған қаптаманы (19) ажарлауға арналған қорғаныш қаптамаға (8)/(9) монтаждаңыз (D/G суретін қараңыз): иінтіректі кері қайырыңыз (➊). Қаптаманы (19) ажарлауға арналған қорғаныш қаптамаға (8)/(9) кигізіңіз (➋). Иінтіректі қорғаныш қаптамаға (8)/(9) қайтадан мықтап басыңыз (➌).
Бөлшектеу үшін (E/H суретін қараңыз) иінтіректі кері қайырыңыз (➊). Қаптаманы (19) қорғаныш қаптамадан (8)/(9) тартып алыңыз (➋).
Бағыттауыштары бар кесуге арналған қорғаныш қаптаманы (34) шпиндель мойнына орнатыңыз. Сорғыш қаптаманың (34) позициясын жұмыс процесінің қажеттіліктеріне сәйкес реттеп, сорғыш қаптаманы бекіткіш бұранданың көмегімен бекітіңіз.
Бағыттауыш ойықтары бар сорғыш қаптамаға (34) жарамды Bosch шаңсорғышын жалғауға болады. Ол үшін сорғыш шлангіні сору адаптерімен сорғыш қаптаманың арнайы кіріс келте құбырына жалғаңыз.
Нұсқау: сору кезінде сорғыш шлангідегі және керек-жарақтағы шаңнан пайда болған үйкеліс электрстатикалық зарядты тудырады, пайдаланушы бұл зарядты статикалық разряд ретінде сезуі мүмкін (қоршған ортаға және өзінің физиологиялық қалпына байланысты). Bosch компаниясы жалпы бойынша ұсақ шаңды және құрғақ материалдарды сору үшін антистатикалық сорғыш шлангіні (керек-жарақ) пайдалануға кеңес береді.
Қосымша тұтқаны (5)/(6) жұмыс тәсіліне байланысты редуктор бастиегінің оң немесе сол жағына бұрап бекітіңіз.
- Электр құралын тек қосымша тұтқамен бірге пайдаланыңыз: (5)/(6).
- Қосымша тұтқа (5)/(6) зақымдалған жағдайда, электр құралын әрі қарай пайдаланбаңыз. Қосымша тұтқаға (5)/(6) ешқандай өзгерістер жасамаңыз.
Діріл басқыш қосымша тұтқа (6) дірілсіз және жайлы әрі қауіпсіз жұмыс істеуге мүмкіндік береді.