Дисплейдегі "ERROR" жазбасы

Дисплейдегі "ERROR" индикаторы

Себебі: әртүрлі өлшем бірліктеріне ие өлшеу мәндерін қосу/алу

Шешімі: тек бірдей өлшем бірліктеріне ие өлшеу мәндерін қосыңыз/алыңыз

 

Себебі: лазер сәулесі мен нысана арасындағы бұрыш тым сүйір

Шешімі: лазер сәулесі мен нысана арасындағы бұрышты үлкейтіңіз

 

Себебі: мақсатты жазықтық тым қатты (мысалы, айна) немесе өте нашар (мысалы, қара заттек) шағылысады немесе қоршаған орта жарығы тым қатты

Шешімі: лазер нысандық тақтасын (керек-жарақ) пайдаланыңыз

 

Себебі: лазер сәулесінің шығысы (21) немесе қабылдау линзасы (20) буланған (мысалы, температураның күрт өзгеруінен)

Шешімі: лазер сәулесінің шығысын (21) немесе қабылдау линзасын (20) жұмсақ шүберекпен сүртіп құрғатыңыз

 

Себебі: есептелген мән 1 999 999 мәнінен үлкен немесе -999 999 м/м²/м³ мәнінен кіші

Шешімі: өлшеу процесін аралық қадамдарға бөліңіз

 

GLM 150-27 C

Дисплейдегі аккумуляторды зарядтау туралы ескерту

Себебі: аккумулятордың зарядтау кернеуі дұрыс емес

Шешімі: штепсельдік байланыс дұрыс орнатылғанын және зарядтағыш құрылғы тиісінше жұмыс істегенін тексеріңіз. Аккумуляторды зарядтау туралы ескерту сонда да көрсетіліп тұрса, бұл аккумулятордың ақаулы екендігін және оны Bosch қызмет көрсету орталығында алмастыру қажеттігін білдіреді

Дисплейдегі аккумулятор температурасы туралы ескерту

Себебі: өлшеу құралының температурасы рұқсат етілген зарядтау температурасының диапазонынан тыс

Шешімі: зарядтау температурасының диапазонына жеткенше күтіңіз