Дәлдік тексерісі
Еңісті өлшеу дәлдігін және қашықтықты өлшеу функциясын жүйелі түрде тексеріп тұрыңыз.
- Ол үшін өлшеу құралын үстелге қойып, еңісті өлшеңіз.
- Өлшеу құралын 180° шамасына бұрап, еңісті қайтадан өлшеңіз.
- Көрсетілген санның айырмашылығы ең көбі 0,3° құрауы тиіс.
Үлкен ауытқулар пайда болған жағдайда, өлшеу құралын қайтадан калибрлеу қажет.
- Негізгі функциялар мәзірін шақыру үшін түймесін басып тұрыңыз.
- опциясын таңдап, таңдауды түймесі арқылы растаңыз.
- Дисплейдегі нұсқауларды орындаңыз.
- Температураның шұғыл өзгеруінен және соққы жасалғаннан кейін, дәлдікті тексеруге және, қажет болса, өлшеу құралын калибрлеуге кеңес беріледі. Температураның өзгеруінен кейін, калибрлемес бұрын өлшеу құралынның температурасын біраз уақыт ретке келтіру керек.
Дәлдікті тексеру үшін өлшеу жұмысын қолайлы жағдайларда өткізу керек, яғни өлшеу қашықтығы бөлме ішінде орналасып, өлшеудің мақсатты жазықтығы тегіс болуы және жақсы шағылысуы керек (мысалы, ақ түспен сызылған қабырға).
- Ұзындығын өзіңіз дәл білетін, шамамен 3 – 10 м өлшеу қашықтығын таңдаңыз (мысалы, бөлме ені, есік саңылауы).
- Қашықтықты 10 рет өлшеңіз.
- Бөлек өлшемдердің ауытқуы қолайлы жағдайлардағы толық өлшеу қашықтығында дәл анықталған өлшемнен ең көбі ±2 мм болуы керек. Дәлдікті кейінірек туралау мүмкін болуы үшін, өлшеу мәндерін жазып алыңыз.
Лазер мен нысана индикаторының туралау дәлдігін жүйелі түрде тексеріп тұрыңыз.
- Ол үшін кемінде 5 м қашықтықтағы жарық, мүмкін сәл жарықтандырылған бетті (мысалы, ақ қабырға) нысана ретінде таңдаңыз.
- Лазер нүктесінің дисплейдегі нысана индикаторы ретінде жатқанын тексеріңіз.
- Лазер нүктесі нысана индикаторының аясында болмаса, нысана индикаторын жаңадан калибрлеу қажет.
Нысана индикаторын жаңадан калибрлеу
- Негізгі функциялар мәзіріне кіру үшін түймесін басып тұрыңыз.
- опциясын таңдап, таңдауды түймесі арқылы растаңыз.
- Дисплейдегі нұсқауларды орындаңыз.