Пайдалануға ендіру

Қосу/өшіру

Өлшеу құралын қосу үшін ажыратқышты (12) " On" күйіне (маятникті бұғаттау тетігімен жұмыс істеу үшін) немесе " On" күйіне (нивелирлеу автоматикасымен жұмыс істеу үшін) жылжытыңыз. Өлшеу құралы қосылғаннан кейін бірден шығару саңылауларынан (1) лазер сәулелерін шығарады.

Өлшеу құралын өшіру үшін қосқыш/өшіргішті (12) Off күйіне жылжытыңыз. Өшіру кезінде тербелу блогы бұғатталады.

40 °C шамасындағы рұқсат етілген макс. жұмыс температурасынан асырған жағдайда лазер диоды қорғаныс үшін өшеді. Суығаннан соң өлшеу құралы қайта қосылуы мүмкін.

Өшіру автоматикасын ажырату

Егер шам. 30 минут ішінде өлшеу құралында ешбір түйме басылмаса, өлшеу құралы батарея зарядын сақтау үшін автоматты түрде өшіп қалады.

Өшіру автоматикасын ажырату үшін, өлшеу құралының қосулы күйінде лазер жұмыс режимдерінің түймесін (4) кемінде 3 секунд басып тұрыңыз. Өшіру автоматикасы ажыратылған болса, лазер сәулелері 3 секудтан кейін қысқа уақытта жыпылықтайды.

Автоматты түрде өшіру функциясын іске қосу үшін, өлшеу құралын өшіріп қайта қосыңыз (лазер жұмыс режимінің түймесін (4) баспай).