Нивелирлеу автоматикасы
Нивелирлеу автоматикасымен жұмыс істеу
Өлшеу құралын көлденең, берік бетке қойып, айналма платформаға (16) немесе штативке (21) бекітіңіз.
Нивелирлеу автоматикасымен жұмыс істеу үшін қосқыш/өшіргішті (12) " On" күйіне жылжытыңыз.
Нивелирлеу автоматикасы ±4° өз нивелирлеу аймағындағы тегіс еместіктерді автоматты тегістейді. Лазер сәулелері бұдан былай жыпылықтамаса, бұл нивелирлеудің аяқталғанын білдіреді.
Автоматты түрде нивелирлеу мумкін болмаса, мысалы, өлшеу құралы тұрған табан бет көлденең сызықтан 4° шамасынан артық ығысса, лазер сәулелері жылдам жыпылықтай бастайды.
Өлшеу құралын көлденең қойып, өз нивелирлеу аяқталғанша күтіңіз. Өлшеу құралы ±4° шамасындағы өзіндік нивелирлеу аймағында тұрса, лазерлік сәулелер қайтадан үздіксіз жанады.
Пайдалану кезінде қағылулар болса немесе күй өзгерсе өлшеу құралы автоматты ретте өзін нивелирлейді. Жаңа нивелирлеген соң өлшеу құралының жылжып қалуынан қателердің алдын алу үшін көлденең немесе тік лазер сызығының күйін негізгі нүктелерге салыстырып тексеріңіз.
Маятникті бұғаттау тетігімен жұмыс істеу
Маятникті бұғаттау тетігімен жұмыс істеу үшін ажыратқышты (12) " On" күйіне жылжытыңыз. Маятникті бұғаттау тетігімен жұмыс істеген кезде, лазер сызықтары үздіксіз баяу жыпылықтайды.
Маятникті бұғаттау тетігімен жұмыс істеген кезде, нивелирлеу автоматикасы өшіріледі. Өлшеу құралын еркін қолда ұстауға немесе еңіс бетке қоюға болады. Лазер сызықтары бұдан былай нивелирленбейді және бір-біріне тігінен өтпейді.