Іске қосу

Электр құралының жұмыс режимін таңдау үшін құрама ауыстырып-қосқышты (7) пайдалануға болады.

Нұсқау: жұмыс режимін электр құралы өшіп тұрғанда ғана өзгертіңіз! Әйтпесе электр құралына зақым келуі мүмкін.

Нұсқау: ажыратқыш бұғатталған кезде, басқа жұмыс режиміне ауыссаңыз, электр құралы өшіп қалады.

  • Жұмыс режимін ауыстыру үшін құрама ауыстырып-қосқышты (7) шерту дыбысымен тірелгенше қажетті күйге бұраңыз.

Бетон немесе тас бойынша соққымен бұрғылау күйі

GBH 18V-34 CF, ауыстырмалы жылдам қысқыш бұрғылау патроны (1) бар: ағаш, металл, керамика мен пластик бойынша соққысыз бұрғылау күйі (оңға айналу)

Алмалы-салмалы аспапты дайындамадан босатуға арналған солға айналу күйі

Қашау күйін реттеуге арналған Vario-Lock күйі.

Қашау күйі

  • Қажет болса, ажыратқыштың реттеу түймесін (9) жіберіңіз.
  • Электр құралын қосу үшін ажыратқышты (11) басыңыз.

Шам ажыратқышты (11) азғантай немесе толық басқанда жанып, жарықтығы төмен жұмыс аймағын жарықтандыруға мүмкіндік береді.

  • Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (11) жіберіңіз.

Ажыратқышты (11) басу күшін өзгерте отырып, қосылған электр құралының айналу жиілігін/соққы санын біртіндеп реттеуге болады.

Ажыратқышты (11) сәл басу төмен айналу жиілігін/соққы санын қосады. Қысым күшейсе, айналу жиілігі/соққы саны ұлғаяды.

Айналу жиілігін пайдаланушы интерфейсі немесе смартфон қолданбасы арқылы да реттеуге болады.

Қашауды 16 күйлерінде бұғаттауға болады. Осылайша оңтайлы жұмыс күйіне қол жеткізуге болады.

  • Қашауды құрал бекіткішіне енгізіңіз.
  • Құрама ауыстырып-қосқышты (7) "Vario-Lock" күйіне бұраңыз.
  • Алмалы-салмалы аспапты қажетті қашау күйіне бұраңыз.
  • Құрама ауыстырып-қосқышты (7) "Қашау" күйіне бұраңыз. Осылайша құрал бекіткіші бұғатталады.

Ажыратқышты (11) тұрақты түрде басып тұрмай ұзақ уақыт қашау үшін ажыратқышты "Қашау" жұмыс режимінде бұғаттаңыз.

  • Бұғаттау үшін ажыратқышты (11) тірелгенше басыңыз да, дәл сол уақытта реттеу түймесін (9) басыңыз.
  • Өшіру үшін реттеу түймесін (9) қайтадан басыңыз.