Пайдалану бойынша нұсқаулар

Нұсқау: қақпақты (13) Bluetooth® Low Energy Module GCY 42 модулі және түймелі элемент электр құралында орналасқанда ғана берік жабуға болады.

  • Bluetooth® Low Energy Module GCY 42 модулін ажырату үшін түймелі элементті айналдырыңыз немесе оқшаулағышты түймелі элемент пен Bluetooth® Low Energy Module GCY 42 модулінің арасында орнатыңыз.
  • Лас кірмеуі үшін қақпақты (13) жауып қойыңыз.

Тереңдік шектегішімен (17) қажетті бұрғылау тереңдігін X реттеуге болады.

  • Тереңдік шектегішін реттеу түймесін (15) басып, тереңдік шектегішін қосымша тұтқаға (16) орнатыңыз.
    Тереңдік шектегішінің (17) бұдыр жағы төмен қарап тұруы қажет.
  • SDS plus алмалы-салмалы аспабын SDS plus құрал бекіткішіне (3) тірелгенше жылжытыңыз. Әйтпесе SDS plus құралының жылжу әрекеттері қате бұрғылау тереңдігінің орнатылуына әкелуі мүмкін.
  • Тереңдік шектегішін бұрғы ұштығымен тереңдік шектегіші ұшының аралығы қажетті бұрғылау тереңдігіне X сәйкес келгенше тартыңыз.

  • Алмалы-салмалы аспап қысылса немесе ілінсе бұрғылау шпинделіне беріліс тоқтатылады. Осында пайда болатын күш себебінен электр құралын екі қолмен қатты ұстап бекем қалыпта тұрыңыз.
  • Егер электр құралы тіреліп қалса, электр құралын өшіріп алмалы-салмалы аспапты босатыңыз. Бұғатталған бұрғылайтын аспапты қосу кезінде жоғары реактивті күш пайда болады.

Жылдам өшіру тетігі (KickBack Control) электр құралын жақсырақ бақылауға көмектеседі және осылайша KickBack Control құралынсыз электр құралдарымен салыстырғанда пайдаланушы қорғанысын да күшейтеді. Электр құралы бұрғы осі бойынша кездейсоқ және күтілмеген ретте айналса, электр құралы өшеді, жылдам өшіру индикаторы (24) қызыл түспен жанады және жұмыс шамы (14) жыпылықтайды. Жылдам өшіру функциясы қосылып тұрғанда, күй индикаторы (27) қызыл түспен жыпылықтайды.

  • Қайта іске қосу үшін ажыратқышты (11) жіберіп, қайта басыңыз.

EPC жүйесі бұрғылау және сезімтал материалдарда соққымен жұмыс істеген кезде дәлме-дәл жұмыс істеу үшін қызметтік айналу жиілігін баяу көтеру арқылы қолдау көрсетеді.

Бақылау мүмкіндігін жақсарту және дәл орнатуды қамтамасыз ету үшін электр құралы төмен айналу жиілігімен іске қосылып, сонан соң оны реттелген айналу жиілігіне дейін көтереді.
Айналу жиілігін электрондық басқару құралы, электр құралын пайдалану кезінде, автоматты түрде іске қосылады.

Кіріктірілген дірілді басу функциясы дірілді азайтады.

  • Демпфер зақымдалған жағдайда электр құралын пайдаланушы болмаңыз.