Жұмыс істеу бойынша нұсқаулар

  • Жұмыс аяқталғаннан кейін кескіш дискіге суығанша тимеңіз. Кескіш диск жұмыс істеген кезде қатты қызады.
  • Ұшқындардан қорғайтын табаның (17) дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз. Металды ажарлау кезінде ұшқындар пайда болады.

Кескіш дискілерді соқтығысудан, соққыдан және майдан қорғаңыз. Кескіш дискілерге бүйірлік қысым түсірмеңіз.

Электр құралына толық тоқтайтындай артық жүктеме түсірмеңіз.
Тым қатты беріліс электр құралының өнімділігін төмендетіп, кескіш дискінің қызмет ету мерзімін қысқартады.

Тек өңделетін дайындамаға сәйкес келетін кескіш дискілерді пайдаланыңыз.

Максималды дайындамалар (мм)

Дайындама пішіні

Көлденең еңіс бұрышы

45°

129 Ø

128 Ø

120 x 120

110 x 110

100 x 200

107 x 115

137 x 137

115 x 115

Минималды дайындамалар
(= тежегіш шпиндельмен (7) мықтап қысуға болатын барлық дайындамалар): ұзындығы 80 мм

Максималды кесік тереңдігі (0°/0°): 129 мм

  • Қажет болғанда қалаулы көлденең еңіс бұрышын орнатыңыз.
  • Дайындаманы өлшемдерге сәйкес қысыңыз.
  • Электр құралын қосыңыз.
  • Манипуляторды қол тұтқасымен (2) баяу төмен бағыттаңыз.
  • Дайындаманы бірқалыпты жылжытып кесіңіз.
  • Электр құралын өшіріп, кескіш диск толық тоқтағанша күте тұрыңыз.
  • Манипуляторды баяу жоғары бағыттаңыз.

  • Электр құралын әрдайым тасымалдау тұтқасынан (15) ұстап тасымалдаңыз.
  • Электр құралын тасымалдау үшін тек тасымалдау аспабын пайдаланыңыз ешқашан қорғағыш аспаптарды пайдаланбаңыз.