Пайдалануға ендіру

Жоңқалау тереңдігін реттеу

Айналмалы реттегіш (2) кесу тереңдігін 0–2,6 мм шамасынан кесу тереңдігінің шкаласы (1) бойынша (шкала бөліктері = 0,1 мм) біркелкі реттеуге мүмкіндік береді.

Қосу/өшіру

Электр құралын іске қосу үшін алдымен іске қосылудан қорғайтын құлыпты (4) басып, содан кейін ажыратқышты (5) басып тұрыңыз.

Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (5) жіберіңіз.

Нұсқау: қауіпсіздік тұрғысынан ажыратқышты (5) бекітіп қоюға болмайды, оны жұмыс істеу кезінде тұрақты түрде басып тұру қажет.