Жұмыс істеу бойынша нұсқаулар
Қорғасын бояу, минералдар және металл сияқты материалдардың шаңы денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Белгілі бір металл шаңы, әсіресе мырыш, алюминий немесе хром сияқты қорытпалармен байланыстырылған жағдайда қаупті болып табылады. Асбестік материалды техник мамандар ғана өңдеуі тиіс.
- Жұмыс орнының жақсы желдетілуін қамтамасыз етіңіз.
- P2 сүзгі класындағы респираторды пайдалануға кеңес беріледі.
Өңделетін материалдар бойынша еліңізде қолданылатын нұсқамаларды ұстаныңыз.
Ара дискісі (31) шаңнан, жоңқадан немесе дайындама сынықтарынан аралау үстелінің (25) тесігінде бұғатталуы мүмкін.
- Электр құралын өшіріп, желілік ашаны розеткадан суырып алыңыз.
- Ара дискісі толық тоқтағанша күте тұрыңыз.
- Жоңқа жылжымалы жәшігін (24) тартып шығарыңыз да, оны толықтай босатыңыз.
- Жұмыс орнында шаңның жиналмауын қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.