Құрама араларға арналған қауіпсіздік техникасының нұсқаулары
- Ешқашан электр құрал үстіне тұрмаңыз. Электр құралы түсіп сіз аралау дискісіне тисеңіз қатты жарақаттанулар пайда болуы мүмкін.
- Тұтқаларды құрғақ, таза және майсыз жағдайда ұстаңыз. Май тұтқалар сырғақ болып бақылау жоғалтуына алып келеді.
- Электр құралын тек жұмыс аймағы өңделетін дайындамаға дейін реттеу құралдарынан, ағаш жоңқадан т.б. бос болғанда пайдаланыңыз. Айналып тұрған аралау дискінде жатқан ағаш бөліктері немесе басқа заттар пайдаланушыға қатты жылдамдықта тиюі мүмкін.
- Еденді ағаш жоңқасы мен материал қалдығынан таза ұстаңыз. Сырғанап кетуіңіз немесе сүрініп қалуыңыз мүмкін.
- Электр құралын тек пайдалану мақсатында келтірілген материалдар үшін пайдаланыңыз. Әйтпесе электр құралына артық жүктеме түсуі мүмкін.
- Егер аралау дискісі қысылса электр құралын өшіріп, дайындамаға аралау дискісі тоқтағанша тимеңіз. Кері соққыға жол бермеу үшін дайындаманы тек аралау дискісі тоқтағанда жылжыту қажет. Электр құралын қайта қосудан алдын аралау дискісіның қысылу себебін жойыңыз.
- Өтпес, жарылған, қисатылған немесе зақымдалған ара төсемдерін пайдаланбаңыз. Тістері өтпейтін немесе дұрыс тураланбаған ара төсемдері тым тар аралау саңылауына байланысты тым қатты үйкеліске, ара төсемінің қысылуына және кері соққыға әкеледі.
- Ілдірік тесіктері дұрыс пішімде (ромб) және өлшемде болатын жүздерді пайдаланыңыз. Араның орнату құралдарына сай болмаған дискілер теңерімде болмай, бақылау жоғалтуына алып келеді.
- Тез кесетін болаттан жасалған, төзімділігі жоғары аралау дискілерін пайдаланбаңыз. Мұндай аралау дискілері оңай сынуы мүмкін.
- Жұмыстан соң аралау дискісіне суығанша тимеңіз. Аралау дискісі жұмыс істеген кезде қатты қызады.
- Кабельді жүйелі түрде тексеріп зақымдалған кабельді тек Bosch электр құралыдарыңың өкілетті сервистік қызметыне жөндетіңіз. Зақымдалған ұзартқыш кабелін алмастырыңыз. Сол арқылы электр құралының қауіпсіздігін сақтайсыз.
- Пайдаланбаған электр құралын дұрыс сақтаңыз. Жататын жері құрғақ және жабылатын болуы керек. Осылай электр құралы жатқан жерінде зақымдалуы немесе тәжирібесіз адамдар пайдалануына жол бермейсіз.
- Құрал толық тоқтағаныша оне ешқашан қалдырмаңыз. Әлі айналып тұрған алмалы-салмалы аспаптар жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
- Электр құралды зақымдалған кабельмен пайдаланбаңыз. Егер кабель жұмыс істеу кезінде зақымдалса зақымдалған кабельді тимей желі айырын шығарыңыз. Зақымдалған кабель электр тоғының соғу қаупін арттырады.
- Электр құралы лазер ескерту белгісімен бірге жеткізіледі ("Белгілер және олардың мағанасы" кестесін қараңыз).
- Электр құралындағы ескертулер анық көрінетін болсын.
Лазер сәулесін адамдарға немесе жануарларға бағыттамаңыз және өзіңіз де тікелей немесе шағылысқан лазер сәулесіне қарамаңыз. Бұл адамдардың көзін шағылдыруы мүмкін, сәтсіз оқиғаларға әкелуі немесе көзге зақым келтіруі мүмкін. |
- Егер лазер сәулесі көзге түссе көздерді жұмып басты сәуледен ары қарату керек.
- Лазер құрылғысында ешқандай өзгерту орындамаңыз.
- Балаларға электр құралын бақылаусыз пайдалануға рұқсат етпеңіз. Олар басқа адамдардың немесе өзінің көзін абайсыздан шағылыстыруы мүмкін
- Егер лазер ескерту тақтасының мәтіні еліңіздің тілінде болмаса, алғаш рет қолданысқа енгізбес бұрын оның орнына еліңіздің тіліндегі жапсырманы жабыстырыңыз.
Кескіш/бұрышпен кесуге арналған ара ретінде пайдалануға арналған қауіпсіздік техникасының нұсқаулары
- Қорғағыш қаптаманың дұрыс істеп, бос жылжуын қамтамасыз етіңіз. Қорғағыш қаптаманы ешқашан ашық жағдайында қыспаңыз.
- Электр құралы істеп тұрғанда кесу қалдықтарын, ағаш жоңқаларын т.б. кесу аймағынан алыстатпаңыз. Манипуляторды әрдайым алдымен тоқтау күйіне келтіріп, электр құралын өшіріңіз.
- Ара дискісін тек қосулы күйінде дайындамаға апарыңыз. Әйтпесе ара дискісі дайындамаға ілініп, кері соққы қаупі туындайды.
- Өңделетін дайындаманы әрдайым қатты қысыңыз. Қатты қысуға мүмкін болмайтын дайындамаларды өңдемеңіз. Әйтпесе қолыңыздаң кесу дискісіна шейін қашықтық өте кіші болады.
- Электр құралын ешқашан ішпексіз пайдаланбаңыз. Ақаулы ішпекті алмастырыңыз. Ақаусыз үстел ендірмесі болмаған жағдайда, ара дискісі сізге жарақат тигізуі мүмкін.
- Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен салыстырғанда, берік ұсталады.
Үстелдік дискілік ара ретінде пайдалануға арналған қауіпсіздік техникасының нұсқаулары
- Қорғаныш қаптаманың дұрыс жұмыс істеуін және бос жылжуын қамтамасыз етіңіз. Оны аралау алдында үстел үстіне және аралау кезінде дайындамаға жатқызу қажет; оны ашық күйде қысуға тыйым салынады.
- Дайындаманы ұстау үшін, ағаш жоңқаны алыстату немесе басқа себептен қолыңызды ара дискісінің артына апармаңыз. Мұнда қолыңыз бен аралау дискісіне дейін қашықтық аз болады.
- Дайындаманы тек айналып тұрған ара дискісіне жақындатыңыз. Әйтпесе аралау дискісі дайындамаға ілініп кері соғу қаупі пайда болады.
- Әрдайым тек бір дайындаманы ғана аралаңыз. Бір-бірінің үстіне немесе алдына қойылған дайындамалар аралау дискісін бұғаттауы немесе аралау кезінде бір-біріне жылжуы мүмкін.
- Әрдайым параллельді немесе бұрышты панельді пайдаланыңыз. Бұл кесу дәлдігін жақсартады және аралау дискісінің тұрып қалу қаупін азайтады.