Еңіс бұрышын реттеу
Дәл кесіктерді қамтамасыз ету үшін қарқынды түрде пайдаланғаннан кейін электр құралының негізгі параметрлерін тексеріп, қажетінше реттеп шығу керек ("Негізгі параметрлерді тексеру және реттеу" бөлімін қараңыз).
Бекіткіш тетікті (25) аралаудан бұрын әрдайым нық тартыңыз. Әйтпесе ара төсемі дайындамада қисаюы мүмкін.
- Электр құралын қапталдап/бұрышпен кесуге арналған араның жұмыс күйіне келтіріңіз.
Жиі пайдаланылатын көлденең еңіс бұрыштарын жылдам әрі дәл реттеу үшін аралау үстелінде ойықтар (27) болады:
сол жақ | оң жақ |
---|---|
0° | |
45°; 31,6°; 22,5°; 15° | 15°; 22,5°; 31,6°; 45° |
- Бекіткіш тетік (25) тартылған болса, оны босатыңыз.
- Иінтіректі (26) тартып, аралау үстелін (22) қажетті ойыққа дейін солға немесе оңға бұраңыз.
- Иінтіректі жіберіңіз. Иінтірек ойыққа шерту дыбысымен тірелуі тиіс.
Көлденең еңіс бұрышын 48° (сол жақ) және 48° (оң жақ) аралығында реттеуге болады.
- Бекіткіш тетік (25) тартылған болса, оны босатыңыз.
- Иінтіректі (26) тартып, дәл сол уақытта бұғаттау қапсырмасын (45), ол арнайы ойыққа тірелгенше басыңыз. Осылайша аралау үстелі еркін жылжытылады.
- Аралау үстелін (22) бекіткіш тетігінен солға немесе оңға бұрап, дәл шкаланың (46) көмегімен қажетті еңіс бұрышын реттеңіз.
- Бекіткіш тетікті (25) қайтадан тартыңыз.
Дәл шкаланың (46) көмегімен көлденең еңіс бұрышын ең көбі ¼° дәлдікпен реттеуге болады.
X бастапқы бұрышының қалаулы реттелуі | Дәл шкала белгісі ((46) шкаласы) | белгіге сәйкестендіру ((23) шкаласы) |
---|---|---|
X,25° | ¼° | X + 1° |
X,5° | ½° | X + 2° |
X,75° | ¾° | X + 3° |
Мысал: 40,5° еңіс бұрышын реттеу үшін дәл шкаланың (46) ½° белгісін ´(23) шкаласының 42° белгісіне сәйкестендіру керек.
Жиі қолданылатын еңіс бұрыштарын жылдам әрі дәлме-дәл реттеу үшін 0°, 45° және 33,9° бұрыштар үшін тіректер қолданылады.
- Жылжымалы тіреуіш планканы (31) толықтай сыртқа қарай тартыңыз.
- Қысқыш тұтқаны (37) босатыңыз.
- 0° және 45° стандартты бұрыш:
Манипуляторды тұтқасынан (18) тірелгенше оңға (0°) немесе тірелгенше солға (45°) қайырыңыз. - 33,9° стандартты бұрыш:
Тіреуіш болтты (33) толықтай ішке басыңыз. Содан кейін болт тіреуіш бұрандамен (32) жанасқанша, манипуляторды тұтқасынан (18) қайырыңыз. - Қысқыш тұтқаны (37) қайтадан мықтап тартыңыз.
Тік еңіс бұрышын –2° және +47° аралығында реттеуге болады.
- Жылжымалы тіреуіш планканы (31) толықтай сыртқа қарай тартыңыз.
- Қысқыш тұтқаны (37) босатыңыз.
- Манипуляторды, бұрыш индикаторы (47) қажетті еңіс бұрышын көрсеткенше, тұтқасынан (18) бұраңыз.
- Манипуляторды осы күйде ұстап, қысқыш тұтқаны (37) қайтадан мықтап тартыңыз.