Жұмыс күйі (A суретін қараңыз)
Егер электр құралы әлі де жеткізілім күйінде болса немесе электр құралы үстелдік дискілі ара ретінде пайдаланылған болса, қапталдап/бұрышпен кесуге арналған ара ретінде пайдаланбас бұрыс төмендегі қадамдарды орындау қажет:
- Аралау үстелінің (59) астындағы екі қысқыш иінтіректі (68) босатыңыз.
- Аралау үстелін жоғары қарай тірелгенше тартыңыз.
- Аралау үстелін осы күйде ұстап, қысқыш иінтіректі қайтадан мықтап тартыңыз.
- Параллель тіректі (61) қорғаныс ретінде ара төсемінің үстіне орналастырыңыз.
- Манипуляторды тұтқасынан (18) сәл төмен итеріп, тасымалдауға арналған бекіткішті (38) босатыңыз.
- Тасымалдауға арналған бекіткішті (38) толықтай сыртқа тартыңыз.
- Ара төсемінің астыңғы қаптамасын (66) алып тастаңыз және оны параллель тіректің (61) оң жағындағы ойыққа жылжытыңыз.
- Ара төсемінің астыңғы қаптамасын қоқысқа тастамаңыз! Ара төсемінің астыңғы қаптамасы енгізілмеген болса, құрама араны үстелдік дискілі ара ретінде пайдалану мүмкін болмайды!
- Манипуляторды баяу жоғары қарай бағыттаңыз.
- Бұғаттау бұрандасын (44) босатыңыз.
- Реттелмелі тіреуіш планканы (31) толықтай ішке жылжытыңыз.
- Бұғаттау бұрандасын (44) қайтадан мықтап тартыңыз.