Ара төсемін алмастыру (f1–f4 суреттерін қараңыз)
- Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
- Аралау дискісін орнату кезінде қорғағыш қолғап киіңіз. Аралау дискісіне тигенде жарақат алу қаупі бар.
Максималды рұқсат етілген жылдамдығы электр құралыңыздың бос айналу моментіне жоғары болған аралау дискілерін пайдаланыңыз.
Тек осы электр құралының өндірушісі ұсынған және сіз өңдейтін материалға сәй аралау дискілерін пайдаланыңыз. Бұл аралауда ара тістерінің қызып кетуіне жол бермейді.
Еш жағдайда көлденең ойықты ара төсемдерін («Dado Sets» деп аталады) пайдаланбаңыз.
- Тек осы пайдалану нұсқаулығында және электр құралында берілген деректерге сәй және EN 847-1 бойынша тексерілген болып тиісті ретте белгіленген аралау дискілерін пайдаланыңыз.
Ара төсемін алмастыру кезінде кесік ені сына қалыңдығынан кем болмағанына және орта диск қалыңдығы сына қалыңдығынан артық болмағанына көз жеткізіңіз.
- Электр құралын қапталдап/бұрышпен кесуге арналған араның жұмыс күйіне келтіріңіз.
- Бұғаттау бұрандасын (10) жеткізілім жиынтығындағы оймакілтекті бұрауышпен (5) бұрап шығарыңыз.
- Қамытты (11) оңға тартыңыз. Енді қамытты жоғары жылжытып, дәл сол уақытта маятниктік қорғаныш қаптаманы (20) тірелгенше артқа қайырыңыз. Осылайша маятниктік қорғаныш қаптама ашық күйде жоғарыда бұғатталады.
- Алты қырлы дөңбек бұранданы (12) жеткізілім жиынтығындағы алты қырлы дөңбек кілтпен (5) бұрап, дәл сол уақытта шпиндель бекіткішін (13) тірелгенше басыңыз.
- Шпиндель бекіткішін (13) басып тұрып, бұранданы (12) сағат тілінің бағытымен бұрап шығарыңыз (сол жақ ирек ойма!).
- Қысқыш фланецті (14) алып тастаңыз.
- Ара төсемін (7) шығарыңыз.
Қажет болса, монтаждалатын барлық бөлшектерді орнатпас бұрын тазалап шығыңыз.
- Жаңа ара төсемін ішкі қысқыш фланецке (15) орнатыңыз.
- Орнату кезінде тістердің кесу бағыты (ара төсеміндегі көрсеткі бағыты) корпустағы көрсеткі бағытына сәйкес болғанына көз жеткізіңіз!
- Қысқыш фланецті (14) және бұранданы (12) орнатыңыз. Шпиндель бекіткішін (13) тірелгенше басып, бұранданы сағат тілінің бағытына қарсы бұрап бекітіңіз.
- Қамытты (11) төмен жылжытып, дәл сол уақытта маятниктік қорғаныш қаптаманы (20), қамыт тірелгенше, қайтадан төмен қайырыңыз.
- Бұғаттау бұрандасын (10) қайтадан бұрап кіргізіңіз де, мықтап тартыңыз.