Құрамдас бөлшектерді монтаждау
- Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Лазер туралы ескерту қалқанының үстін жапсыру (d суретін қараңыз)
Электр құралы неміс тіліндегі ескерту қалқанымен жабдықталған (электр құралының суретінде графика бетінде (40) нөмірімен белгіленген).
- Ескерту қалқанының неміс тіліндегі мәтініне алғаш рет қолданысқа енгізу алдында жеткізілім жиынтығындағы өз тіліңіздегі жапсырманы жабыстырыңыз.
Ара төсемінің астыңғы қаптамасын алып тастау немесе орнату (e суретін қараңыз)
Ара төсемінің астыңғы қаптамасы (66) үстелдік дискілі ара ретінде пайдалану барысында ара төсемінің астыңғы жағын жауып тұруы керек.
Қапталдап/бұрышпен кесуге арналған араны пайдаланбас бұрын:
- Ара төсемінің астыңғы қаптамасын (66) алып тастаңыз және оны параллель тіректің (61) оң жағындағы ойыққа жылжытыңыз.
- Ара төсемінің астыңғы қаптамасын қоқысқа тастамаңыз! Ара төсемінің астыңғы қаптамасы енгізілмеген болса, құрама араны үстелдік дискілі ара ретінде пайдалану мүмкін болмайды!
Үстелдік дискілі ара ретінде пайдаланбас бұрын:
- Ара төсемінің астыңғы қаптамасын (66) аралау үстеліне (22) енгізіңіз.
Ара төсемінің астыңғы қаптамасы (66) үстелдік дискілі ара ретінде пайдалану барысында ара төсемінің астыңғы жағын жауып тұруы керек.